28 Наурыз, 2019

Тау шаңғысы: Ел чемпиондары анықталуда

757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері «Шымбұлақ» спорт кешенінде тау шаңғысынан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. 

Тау шаңғысы: Ел чемпиондары анықталуда

Әйелдердің слалом сайысында алғашқы екі орынды алматылық Александра Троицкая мен Мария Григорова олжаласа, үшінші сатыға риддерлік Арина Орлова табан тіреді. Ерлер бәсекесінде де Алматы қаласының өкілдері алдарына жан салмады. Алтын және күміс медальді Игорь Закурдаев пен  Захар Кучин иеленді. Қола медаль Риддерден келген Данил Сысоевқа бұйырды.

Супер комбинация жаттығуында мына спортшылар үздік үштіктің қатарынан көрінді: Әйелдер – Мария Григорова (Алматы), Александра Троицкая (Алматы) және Камила Ювашева (Риддер). Ерлер – Игорь Закурдаев (Алматы), Захар Кучин (Алматы) және Тарас Пименов (Алматы).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»