28 Наурыз, 2019

Су добы: Қазақстан ширек финалға шықты

821 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су добынан Австралияның Перт қаласында өтіп жатқан Әлем лигасының іріктеу турнирінің үшінші кездесуінде Қазақстанның ерлер құрамасы Қытайға есе жіберді. 

Су добы: Қазақстан ширек финалға шықты

Қос команда арасындағы тартыстың негізгі уақыты 9:9 есебімен тең аяқталған еді. Ал пенальтиден Аспанасты елі өкілдерінің асығы алшысынан түсті – 16:15. Осы сәтсіздікке қарамастан жеті ұпай жиған жерлестеріміз өз тобында бірінші орынды иеленіп, ширек финалға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, осы турнирдің тұсаукесер бәсекесінде біздің жігіттер Жаңа Зеландияны 11:10 есебімен ұтты. Келесі кездесуде Аргентинадан айламызды асырдық – 11:5. Енді ширек финалда қазақстандық ватерполшылар Оңтүстік Африка Республикасы құрама командасына қарсы ойнайды.    

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»