28 Наурыз, 2019

Талдықорғанның қоғамдық көліктері көпбалалы аналарды тегін тасиды

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары аясында 4 және одан да көп баласы бар аналар қоғамдық көлікте тегін жүретін болды. Игі бастама 1 сәуірден бастап облыс орталығындағы автобустарда жүзеге асады.

Талдықорғанның қоғамдық көліктері көпбалалы аналарды тегін тасиды

Қазір Талдықорған қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі облыс орталығындағы көпбалалы аналарды тіркеп, оларға тегін жол жүру билетін беруді бастады.

Жалпы Алматы облысында 4 және одан да көп балала тәрбиелеп отырған 40 ана есепке алынған. Бүгінде бұл отбасылардың табыс деңгейін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

- Бірінші кезекте табысы төмен көп балалы отбасыларына көңіл бөлетін боламыз. Аз қамтылған отбасыларын, соның ішінде көп балалы отбасыларын неғұрлым кең қамту үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерилері төменгі күнкөріс шегінің 70 процентіне дейін, яғни 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін арттырылады. Мұндай отбасылардың кіріс жиынтығын есептегенде көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, балалардың мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақылар, стипендиялар есепке алынбайды. Соның негізінде біздің облыста атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 11 мың отбасынан 17 мың отбасына көбейгелі тұр. Сондай-ақ, мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы көлемі де 30 процентке ұлғаяды, оны қазір облыста 8108 отбасы алаһып отыр, - дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы