28 Наурыз, 2019

МАГАТЭ Қазақстанмен бірігіп жұмыс істеуді күшейте түспек

1049 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020-2025 жылдар аралығында МАГАТЭ ұйымы мен  Курчатовтағы Ұлттық Ядролық Орталық мамандары тығыз байланыстағы әріптестік қарым-қатынас орнатпақ. Бұл байланыс «Өңірде қоршаған ортаны қорғаудың радиациялық мониторингінің әлеуетін арттырудың  техникалық жобасы» деп аталады.

МАГАТЭ Қазақстанмен бірігіп жұмыс істеуді күшейте түспек

Жобаға дайындық жүргізу туралы мәселе Австрияның Вена қаласында өткен халықаралық семинарда талқыланды. Жиынға  Курчатов қаласындағы Ұлттық Ядролық Орталық мамандары мен ғалымдары да қатысты. Семинарға 20 шақты елдерден, атап айтқанда: Армения, Азербайджан, Республика Беларусь, Болгария, Кипр, Эстония, Греция, Грузия, Қазақстан, Литва, Латвия, Ресей, Польша, Словениядан де ғалымдар келді.  

Кездесудің басым бағыты техникалық жобаны іске асыруға арналған жол картасын әзірлеу. Жобаның өтінімі талқыланып, оның жұмыс жоспарын әзірлеу жүзеге асырылды. Сондай-ақ жобаға қатысушы елдерде радиациялық мониторингілеудің кешенді бағдарламасын құру бойынша МАГАТЭ сарапшылары кеңестерін берді. Белгіленген мерзімге сай биыл Қазақстанда жүзеге асуы тиіс жоба  МАГАТЭ басшылығына ұсынылатын болмақ. Аты айтып тұғандай бұл жобада қоршаған ортаны қорғау, радиация деңгейін мейлінше нақты анықтау және табиғатты, жерді сауықтыру мәселелері қарастырылмақ.

МАГАТЭ мамандары жақында Алматыда семинар өткізген еді. Оған ҚР ҰЯО мамандары да қатысты. Семинарда Қазақстан республикасының мемлекеттік ең ірі «Радон» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. «Радон» бағдарламасын 20-2025 жылдары жүзеге асыру көзделген.

Раушан НҰҒМАНБЕК,

«Еgemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше