28 Наурыз, 2019

Елордалық мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігі тексерілді

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен  оларға бағынысты мекемелердің 1800 қызметшісі тесттен өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігі тексерілді

Қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен бүгін Қазтест» жүйесі арқылы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында тест өткізілді.

«Тестке қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерден (11 мекемеден) 200 қызметкер қатысты. Жыл соңына дейін   мемлекеттік органдар мен  оларға бағынысты мекемелерден 1800 қызметшіні тесттен өткізу жоспарланып отыр»,  –  делінген басқарманың хабарламасында.