28 Наурыз, 2019

ҚР Қарулы Күштерінде қаза болған әскери қызметшілерге бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті 

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Қарулы Күштерінде қаза болған әскери қызметшілерге бір минут  үнсіздікпен құрмет көрсетті 

Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында митингтер өткізілді. Онда жеке құрам қаза тапқан қызметтестерін 1 үнсіздік минутымен құрмет көрсетті.

Кеше оқу-жаттығу барысында ҚР ҚК тікұшағының апатқа ұшырау салдарынан бортта болған 13 әскери қызметші көз жұмды. Қазақстан Қарулы Күштерінің барша жеке құрамы қаза болған қызметтестерінің туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Бұл Қазақстан армиясы үшін орны толмас қайғы. Олар ақтық демдері қалғанша өздерінің әскери борыштарын адал орындады. Қызметтестері туралы жарқын естелік батырлық, жанқиярлық пен патриотизмнің үлгісі ретінде әскери қызметшілердің жадында мәңгі есте қалады.