28 Наурыз, 2019

Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшулары тоқтатылды

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қарулы Күштерінде Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшулары тоқтатылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшулары тоқтатылды

ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаевтың тапсырмасы бойынша Ми-8 үлгісіндегі армиялық авиацияны қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді тексерісінің қорытынды кезеңі тоқтатылды.

Авиациялық апаттың себептері мен бір типті әуе кемелерінде оларды болдырмау жөніндегі алдын алу шараларының кешені өткізілгенге дейін шектеулер енгізілді.