28 Наурыз, 2019

Ақтөбеде төртінші рет «Асыл ана» форумы өткізіледі

935 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың 18 мамырында жыл сайынғы Қазақстандағы әйелдер үшін маңызды бизнес-алаң мен оқиғалардың бірі  «Асыл ана Ақтөбе» форумы өтеді. Бұл жыл сайынғы форум биыл төртінші рет «Шаңырақ» компаниясының қолдауымен өтпек. 

Ақтөбеде төртінші рет «Асыл ана» форумы өткізіледі

Форум ұйымдастырушылары шараның абыроймен өтуіне бар күш-жігерін жұмсап жатыр. Форумның негізгі мақсаты – әр әйел өзінің бағасын, қоғамда құрметке лайық екенін көрсету. Бұл форум биылғы жылы жаңа форматта өтеді. Әрбір қатысушы өзін –өзі таныстырып қызыл кілемде жүреді.

Айта кетсек, «Асыл ана» форумынің негізі 2016 жылы қаланған. Райгүл Мұқашева және Гүлбары Мырзағалиева негізін қалған форум алғаш рет Ақтөбе қаласында өткен болатын. Шарадан түскен қаражаттың жартысы Ақтөбедегі «Аналар үйіне» беріледі. Ұйымдастырушылар 2018 жылы жобаның ауқымын кеңейтіп, Қазақстанның басқа да қалаларын қамту туралы шешім қабылдады.

Шарада арнайы «Асыл Ана» жүлдесімен марапаттау рәсімі болады. Одан басқа да номинациялар қарастырылған. Форумға бала тәрбиесі мен жұмысын қатар алып жүрген барлық әйел қатыса алады. Жүлде бала тәрбиесімен айналыса отырып, өз-өзін дамытуды жолға қойған әйелдерді ынталандыру үшін тағайындалып отыр. Олар өмір жолында адам қызығарлықтай жетістіктерге жетіп, өзін мойындата білген жандар. Шараға қоғам қайраткерлері де қатысып, қатысушылар мен қонақтарға қуаныш сыйлайды деп жоспарланып отыр.

Одан бөлек шара барысында балалар мен әйелдерге арналған жәрмеңке өтетін болады. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, осындай ауқымды шара өткізу олар үшін үлкен мақтаныш әрі зор жетістік. Шарада отбасы демалысындағы аналар мен іскер әйелдердің кездесуі жоспарланған.