28 Наурыз, 2019

Қазақстан Президенті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярды қабылдады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярды қабылдады

Мемлекет басшысына ведомствоның қазіргі жұмыстары және алдағы жоспарлары жөнінде баяндалды.

Қазақстан Президенті министрлікке бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тиімді орындаудың маңыздылығына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ индустриялық даму жобаларын уақтылы іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.