28 Наурыз, 2019

Маңғыстауда тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилер отбасына 1 млн теңге берілетін болды

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысының  өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Маңғыстауда тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилер отбасына 1 млн теңге берілетін болды

Маңғыстау облысының әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына 1 миллион теңгеден көмек беретін болды. Кеше таңғы сағат 8-де Ақтаудан ұшып шыққан Ми-8 әуе көлігі кешкі 5-тер шамасында Қызылорда аумағында жерге құлап, түгел жанып кеткен болатын. Шейіт болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы №30153 әскери бөлімінің қызметкерлері.

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған Роман Костыговтың отбасына барып, көңіл айтып, қажетті көмектің көрсетілетінін жеткізді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы