29 Наурыз, 2019

Павлодарда STARTUP FEST өтті

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте өткен бұл шара Enactus PSU командасының 5 жылдығына арналды.

Павлодарда STARTUP FEST өтті

Жаңашыл стартап жобаларын таныстыруға біздің өңірдің, Семей, Нұр-Сұлтан, Ақсу қалаларында білім алып  жүрген студент жастары жиналды.

Жалпы университеттегі «Студенттік стартап жобалар ұйымының» мәліметінше, STARTUP FEST-те usb порттары бар жылы аялдама, дамытушы ойындар, иппотерапия, Office box және жарнамалық бокстар жобалары таныстырылды.

Стартап жобалардың  таныстырылым рәсіміне Enactus Kazakhstan ұйымының президенті Альбина Ержанова да арнайы келді.

Ал, шара қатысушылары-студенттер еліміздегі «Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің» негізін қалаушы Эмина Әскерова мен Yuframe вайн-командасының менеджері Расул Абдуллаевтың тренингтеріне қатысты.

- Бұл «Өзінді табу» бұл-«Yuframe» тобының ұраны және негізгі миссяларының бірі. Адам өзін өзі тапқаннан кейін ғана әлеуетін арттыра алады, - дейді Расул Абдуллаев.

Сонымен бірге, шара аясында стартаптар жарысы да ұйымдастырылды. Үздік жобаларға жетекші менторлардан сапалы қолдау көрсетіледі.

Жиын соңында  «Y-cup» жобасы үздік стартап атанып, қаржыландыруға ие болды. Жастар енді киберспортқа арналған  алаңдарды жасамақшы.

Семейлік «Poffy Bag» және ПМУ жобасы стартап жобасы бірінші тапсырысын алды. Олар жиһаз өндірісін қолға алса, жергілікті жастар үш тілдегі ашық хаттар әзірлемек.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР