29 Наурыз, 2019

Жаңаөзенде көп балалы аналар өз кәсібін ашты

577 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында әлеуметтік жағдайы - күнкөріс деңгейі өте төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында бастау алған «Жақсылық жаса, қайырымы қайтар Алладан» жобасы алғашқы нәтижелерін беруде.

Жаңаөзенде көп балалы аналар өз кәсібін ашты

Облысымыздағы тұрмыс деңгейі төмен аз қамтылған отбасылардың жеке кәсіптерін ашуына мүмкіндік туғызып, қажетті құрал жабдықтар мен керекті ақпараттар бере отырып әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздеген жоба жетекшісі белгілі кәсіпкер А.Нұрланова бұл шараның Маңғыстау облысы әкімі мен осы өңірдегі ірі компаниялардан қолдау тапқандығын айтты.

Қазіргі таңда, аталған жоба барысында облыс бойынша 50-ден астам отбасы өз жеке кәсібінің иесі болып, үлгерді. Әлі де Жаңаөзен қаласындағы 100 отбасыға қолдау көрсетілмекші. Бұл орайда, ең алдымен ниет білдіруші аналардың ой-пікірлері, ұсыныстары тыңдалып, соған сәйкес бағыттар беріледі. Жеке кәсібін дөңгелетуге қажетті барлық құрал-саймандар, материалдар, заманауи техникалар алынып беріліп қана қоймай, өнімдерін брендке айналдыру мақсатында әр қайсысына жеке белгілері (логотиптері) жасалды, қаладағы ірі ойын-сауық орындарынан сауда нүктелері берілді.

Он жылдан бері тігіншілікпен айналысып, көптен бері жеке кәсібін арман еткен аналардың бірі А.Игибаева мен Теңге ауылында тұратын екі мүгедек бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Г.Альшора аталмыш жоба аясында «Zere» белгісімен халыққа әр түрлі үй пісірмелерін ұсынатын болды. Жеке кәсіпкерге кәсібіне қажетті барлық керек жарақтары алынып берілген.

Жоба жетекшісінің айтуынша, қазіргі таңда  Жаңаөзенде ZERE аспаздық өнімдері, XAN BIBI atelier тігін шеберханасы, ALITORT кондитерлік өнімі, OZEN NAN нан өнімдері, жылы жайлар, құс шаруашылығы т.б брендтер пайда болған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы