Сотталушы келтірген айғақтар мәлім етілді
Бейсенбі, 6 желтоқсан 2012 7:21
Талдықорған қалалық сотында әскери қызметші В.Челахтың ісі бойынша ашық сот процесі жалғасуда. 5 желтоқсанда мәжіліске сотталушының бірден ҚР ҚПК-ның 71-бабына сәйкес сот тағайындаған 3 адвокаты: С.Сәрсенов, С.Эстияров және Ж.Саржанова келді.
Сот мәжілісіне процеске қатысудан үшінші рет бас тартқан В.Челахты әкелу қамтамасыз етілді. Төрағалық етуші судья Е.Ахметжанов оған соттың сотталушыдан жауап алуға көшетінін ескертіп, адвокатпен сөйлесуіне және айғақтар беруіне дайындалуы үшін уақыт берді.

Осыдан соң сотта зардап шегушілер И.Сисенов, А.Саринов және А.Әмірғалиевтердің тағы да үш өкілі сөз сөйлеп, моральдық шығынды қалпына келтіру үшін жалпы сомасы 65 миллион теңге талап-арыздар берді. Бұл өтініштер, тараптардың келісімімен, одан әрі шешім табуы үшін іс материалдарына тігілді.
Күннің екінші жартысында сотталушы Челах тағы да сот залына жеткізілді. Бұл жолы ол айғақтар беретінін, бірақ процеске қатысушылардың сұрақтарына жауап қайтарудан үзілді-кесілді бас тартатынын хабарлады. Өз сөзінде сотталушы әскери мүлікті жойғанын, отты қаруды заңсыз иемденгенін және алып жүргенін мойындады.
Сотталушының сұрақтарға жауап беруден бас тартуы қаза тапқан солдаттардың туыстарының ашу-ызасын тудырды. Бұл жолы Челах тағы да өзін сот залынан шығаруды талап етіп, сотталушыға арналған орын-жайдан шығып кетпек болды. Жасақ В.Челахты камераға алып кетіп, одан арғы талқылау сотталушысыз жалғасты.
Судья Е.Ахметжанов жиналғандарды тыныштыққа шақырып, одан соң мәжілісті жалғастырды және тергеу барысында берген Челахтың айғақтарын оқып берді.
Қазақстан Республикасы
Әскери сотының баспасөз қызметі.