Контрабандашылар «Голден Дир» және «Алюр» маркалы темекі өнімдері толтырылған 35 қорапты алдын ала Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағындағы шетелдермен қатынасатын автокөліктер тұрағының маңайындағы арыққа жасырып кетіпті. Оны кешкісін Орталық аумағын аралап жүрген шекара наряды тауып алған.
Қылмыскерлердің ойларын әріден аңғарған шекарашылар тауар табылған жерге тосқауыл қояды. Түн қараңғылығын жамылып, сағат 4-тер шамасында сол жаққа қарай жасырын келе жатқан 28, 29 жастардағы үш жігіт қылмыс үстінде қолға түсті. Іспен Панфилов аудандық полиция бөлімі айналысуда.