29 Наурыз, 2019

Павлодарда металлургтер мен мұнайшылар бірлесе қолдау білдірді

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығында өткен шараға қатысқан «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-тың металлургтері Астана атауының өзгеруі- еліміздің Тұңғыш Президентіне көрсеткен құрмет деп санайды.

Павлодарда металлургтер мен мұнайшылар бірлесе қолдау білдірді

Зауыт кәсіподақ комитетінің төрағасы Александр Клименконың айтуынша, Астана атауының Нұр-Сұлтан деп өзгеруін зауыт металлугтері қолдауда.

Елбасының қолдауымен облыс  орталығында электролиз  зауыты бой көтерді. Бүгінде зауытта 2,5 мың адам еңбек етуде. Кәсіпорынның  40 пайызын жастар құрайды.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар жас мамандарға еңбек етіп, баспаналы болуға мүмкіндік беруде.

Ал, «Мұнай-химия зауыты» АҚ-тың да 700 мұнайшысы қатысқан  флэшмобта жастар, ардагерлер  де қолдау  білдірді.

Жиынға қатысқан мұнайшылар  Елбасының қолдауымен басталған мұнай-химия зауытының жаңғырту  жұмыстары бұл күндері сәтті жүзеге асырылғанын  жеткізді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР