Қазіргі таңда елімізде жұмысшы мамандықтарына деген сұраныстың арта түскені байқалады. Мемлекет басшысы білім саласына қатысты биік мінберлерден сөйлеген сөздерінде кәсіптік білім беру мәселесіне барынша басымдық беру қажеттігіне назар аударып келеді. Түптеп келгенде, мұның өзі осы кәсіп түрлерінің мамандарын даярлайтын орта арнаулы оқу орындары мәртебесінің көтерілуіне де ықпалын тигізеді. Бүгінде тігінші, етікші, аспаз немесе дәнекерлеуші болу – арланатын емес, жұмысшы адамды ештеңеден тарықтырмай, асырайтын табыс көзіне айналды.

Қарағанды технология және сервис колледжі де біз күнделікті тұрмыста қызметіне жүгінетін шаштараз, тігінші, техник-жөндеушілер, аяқ киім шеберлері және іс қағаздарын жүргізушілер сияқты мамандарды даярлайды. Оқу орнымен жақынырақ танысқанда, оның қабырғасында білім алып жатқан 400-ден астам студенттің күні ертең жұмыссыз қалмайтынына деген сенім күшейе түседі.
«Біздің жұмысымыздағы ең басты көрсеткіш, – дейді колледж директоры Жұмағали Мағзиев, – диплом алған түлектеріміздің жұмыспен барынша қамтамасыз етілуі. Бұл үшін студенттерімізге сапалы, халықаралық стандарттарға сай білім беріп, болашақ кадрларды білікті етіп шығаруға бар күшімізді саламыз». Осы бағытта колледжде қолға алынған тың жобалар да жетерлік. Білім ошағында оқытылатын барлық мамандық бойынша әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Мұның өзі ертең түлектердің жұмыссыз қалмауына берік кепіл бола алады. Ал бүгінге дейінгі статистикалық көрсеткішке сүйенсек, диплом алған студенттердің шамамен алғанда 60 пайыздан астамы мамандық бойынша жұмысқа орналасады екен.
Заман талабына сай жұмыс істеуге ұмтылған колледжде былтыр облыста тұңғыш рет автоматтандырылған киім үлгісін жасау (САПР) жүйесі бойынша арнайы курсты Мәскеуден келген мамандар ұйымдастырып, оқытушылар сертификат және қашықтықтан оқуға арналған үш айлық сынақ кілтін алды. Сонымен қатар биыл колледж басшылығы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен келісімшартқа отырып, оқу орнынан «Көлік және кәсіптік оқыту» кафедрасының филиалын ашқан. Бұдан бөлек, оқу орнында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инклюзивтік топ ашылғалы жатыр. Онда нашар еститін 8 бала тігінші, ал денсаулығы дәл сондай және ақыл-есінде жеңіл-желпі ауытқушылық бар тағы үш студент аяқ киім шебері мамандығына оқитын болады.
Колледждің студенттері елімізде жыл сайын өтіп тұратын WorldSkills кәсіптік шеберлік конкурсына 2016 жылдан бері қатысып келеді. Байқаудың облыстық деңгейдегі сынында оқу орнының студенттері жүлдеден құр қалып көрген емес. Мысалы, 2016 жылы колледж студенті Аяулым Юсупбекова «Шаштараз өнері» аталымы бойынша 2-орын алса, арада бір жыл өткенде Мақпал Хасенова есімді шәкірт «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» бойынша 1-орынды жеңіп алып, республикалық сынға жолдама алды. Ол сол жылы өткен республикалық чемпионатта финалист атанды. 2018 жылы колледж студенті Жанайым Мақсұт облыстық сында «Дизайн және киімді модельдеу» аталымы бойынша үздік шығып, республикалық сайыста бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Ал былтыр қараша айында Астанада өткен Қазақстан чемпионатында ол Қарағанды облысы бойынша тұңғыш рет алтын медальға ие болып, Ресейдің Қазан қаласында өтетін «WorldSkills Қазан-2019» халықаралық чемпионатына қатысу жолдамасын жеңіп алды.
Ж.Мақсұт колледждің 2-курсында оқиды. Ұстазы Гүлнәр Жұминаның айтуынша, қазіргі таңда олар әлем чемпионатына қызу дайындық жүргізіп жатыр екен. Ең бірінші кезекте әрбір қатысушы ағылшын тілін жетік меңгеруі керек. Өйткені халықаралық сайыс шарты бойынша үміткерлерге тапсырма ағылшын тілінде беріледі, қатысушылар да қазылар алдында жұмыстарын түгелдей сол тілде түсіндіріп отыруы керек.
«Қазандағы әлем чемпионаты үш кезең бойынша өтеді. Үміткерлер бірінші эскиз жасайды, одан кейін макетпен жұмыс істейді. Содан соң барып пальто тігетін болады. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары өз алдына, Жанайым екеуміз ағылшын тілінің оқытушысы Тоғжан Смағұловадан да арнайы дәріс алып жүрміз», дейді Г.Жұмина.
Таяуда Қарағанды технология және сервис колледжінде Парламент Сенатының депутаты Р.Әбдікеров болып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Сенатор студенттердің инновациялық тұрғыдағы жетістіктері мен оқу кабинеттерінің техникалық жабдықталуына ризашылық білдірді.
«Сіздер қазіргі таңда және болашақта зор сұранысқа ие мамандық иелерін даярлап жатырсыздар, – деді Рысқали Әбдікеров. – Колледждің материалдық-техникалық базасының заманға сай жабдықталуы көңілден шықты. Студенттерді халықаралық бағдарламалардың талаптарына сай оқытуға деген ұмтылыстың, жаңашылдыққа құштарлық пен ізденістің ізсіз қалмайтыны белгілі. Мұның бәрі Елбасының техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру бойынша алдымызға қойған міндеттерін орындау барысында жемісін береді деп ойлаймын».
Сонымен қатар Сенат депутаты колледж мақтанышы Жанайым Мақсұт пен оның тәлімгері Гүлнәр Жұминамен әңгімелесіп, олардың Қазан қаласында өтетін «WorldSkills Қазан-2019» әлем чемпионатына дайындықтарымен танысып, алдағы айтулы сыннан сүрінбей өтуге тілектестік білдірді.
Қазіргі таңда Қарағанды облысы бойынша кезінде атағы жер жарған кәсіпорындар қайтадан қалпына келтіріле бастады. Оның қатарына Абай тігін фабрикасы мен Қарағанды аяқ киім фабрикасын жатқызуға болады. Болашақта жеңіл өнеркәсіптің аталған ошақтары толық қуатымен жұмыс істеп кеткенде, кеншілер астанасындағы технология және сервис колледжін бітіріп шыққан білікті кадрлардың да далада қалмасына сенім мол.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Egemen Qazaqstan»
ҚАРАҒАНДЫ
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 16:22
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Елордадағы Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:03
Мұрат Әйтенов ерекше бала тәрбиелеп отырған ана мен ардагерлерді құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Спорт • Бүгін, 15:59
Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:57
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 15:56
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Бүгін, 15:00
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 14:11
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Экономика • Бүгін, 13:31
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Бүгін, 12:51
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:40
Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті
Елорда • Бүгін, 12:36
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:30
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 12:25
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қай қан тобындағы адамдар коронавирус жұқтыруға бейім?
Әлем • Бүгін, 11:52
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады
Қоғам • Бүгін, 11:38
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Emirates жолаушыларына қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді
Әлем • Бүгін, 11:33
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Бүгін, 11:30
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Спорт • Бүгін, 11:28
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қашан қалыпқа түседі?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Әлем • Бүгін, 11:17
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:11
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Президент: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Президент • Бүгін, 10:51
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 10:46
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Қазақстанда тағы 840 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:20
Бір тәулікте пневмонияның 44 жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:15
Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады
Аймақтар • Бүгін, 09:12
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Руханият • Бүгін, 08:39
Қоғам • Бүгін, 08:39
Шетелдік жанкүйерлер қатыспайды
Спорт • Бүгін, 08:37
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
Спорт • Бүгін, 08:36
Спорт • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:23
Ұқсас жаңалықтар