29 Наурыз, 2019

Санжар Мұсаев садақ атудан Азия Кубогінің қола жүлдегері атанды

1007 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогі додасында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті . Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Санжар Мұсаев садақ атудан Азия Кубогінің қола жүлдегері атанды

Команда мүшесі Санжар Мұсаев олимпиадалық айналым бойынша қола жүлдегер атанды. Бұл Қазақстан құрамасының Бангкоктегі алғашқы жүлдесі.  Бүгін тағы бір қазақстандық мерген Ильфат Абдуллин классикалық әдіс бойынша садақ атудан алтын медальға таласады.

Сондай-ақ, Рустам Қарабалаев блоктық әдістен финалда бақ сынайды. Қыздар арасында блоктық әдіспен ату бәсекесінде Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Мария Өмірзақова тіркеді. Ол 683 ұпаймен 9-шы орын иеленген болатын.