Экономика • 03 Маусым, 2025

Елімізде өңдеу өнеркәсібі 7,2 пайызға артты

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде өңдеу өнеркәсібі 7,2 пайызға артты

Фото: Үкімет

Өңдеу өнеркәсібінің өркендеуі қаңтар-сәуір аралығындағы қорытындыда анықталған.

Ең жоғары өсім машина жасау – 111,2%, химия өнеркәсібі – 111,2%, құрылыс индустриясы – 112,9% және жиһаз өндірісі – 114,8% салаларында байқалып отыр. 

Сондай-ақ, елімізде отандық өнімнің үлесі металлургия, жеңіл өнеркәсіп және электроника салаларында артып келеді. Тауар ішкі өндірісінің ұлғаюы нәтижесінде импорттық өнімдер біртіндеп ауыстырылады.

«Отандық өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың пәрменді құралдарының бірі - реттелетін сатып алуларға қатысуға басым құқық беру болып саналады», деді Ерсайын Нағаспаев.

Осы құралдың арқасында отандық тауарлардың 4 834 астам позициясына басымдық берілген. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілермен 303 млрд теңге болатын 96 мыңнан астам келісімшартқа қол қойған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе жоғары.

 

Соңғы жаңалықтар

Құмды тоқтатқан технология

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Толқынды күткен бала болмысы

Басылым • Бүгін, 09:07

Үздіктер Астанада анықталды

Жеңіл атлетика • Бүгін, 09:00

Күй күмбірлеп, ән әуеледі

Өнер • Бүгін, 08:58

Тәртіп бар жерде тазалық болады

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:53