29 Наурыз, 2019

Алматылықтар алдарына жан салмады

1135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Шымбұлақ» спорт кешенінде тау шаңғысының алып слалом жаттығуы бойынша Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. 

Алматылықтар алдарына жан салмады

Әйелдер арасында Мария Григорова алтыннан алқа тағынды. Күміс медальді Виктория Коваленко иеленді. Александра Троицкая үздік үштікті қорытындылады. Ерлер сайысында Игорь Закурдаев топ жарса, Тарас Пименов пен Сергей Данов жүлдегерлер қатарына қосылды. Бұл спортшылардың барлығы да Алматы қаласының өкілдері.

Ал 1-4 сәуір аралығында «Шымбұлак» тау шаңғысы курортында қысқы Олимпия ойындарына қатысқан Қазақстанның тұңғыш спортшысы, бірнеше дүркін КСРО чемпионы әрі рекордшысы Александра Артеменконы еске түсіруге арналған халықаралық турнир өтеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»