Президент • 29 Наурыз, 2019

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

1026 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Ал бұған дейін Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі лауазымын атқарған Әділ Қапанұлы Тұрсынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Өкімімен Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.