Экономика • 29 Наурыз, 2019

Энергетикалық жабдықтар өндірісін шоғырландыруға ниетті

1088 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр "Подольск машина жасау зауыты" АҚ Бас директоры Алексей Рубцовпен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге "Қазақстан машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері қатысты.

Энергетикалық жабдықтар өндірісін шоғырландыруға ниетті
Машина жасау зауытының басшысы Алексей Рубцов Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында энергетикалық жабдықтар өндірісін шоғырландыруға ниетті екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, ол жабдықтар өндірісін орналастыру шарттары мен Қазақстан Республикасының машина жасау кәсіпорындарына қойылатын талаптар туралы хабардар етті.

Министрлік "Қазақстан машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігімен бірігіп энергетикалық жабдықты шоғырландыру жұмыстарына қатысуға дайын өнеркәсіп компанияларының тізімін жасайтын болады.