Экономика • 29 Наурыз, 2019

Қазақстанда шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасаудың тиімді институттары құрылды

743 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік тәжірибе, инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету бір-бірімен тығыз байланысты, сол себептен ҚР Сыртқы істер министрлігі инвестициялық және экспорттық қызметті жалпы үйлестірумен айналысуда.

Қазақстанда шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасаудың тиімді институттары құрылды
Отандық шикізат емес өнімдерінің экспортын талдау нәтижесінде соңғы жылдары шет елдерге сатылған қазақстандық қайта өнделген өнімдердің көлемі сенімді қадаммен өсіп келе жатыр, сондай-ақ елдердің тізімі мен жеткізілетін тауардың саны артуда.

Қазақстан экспорты 2018 жылдың қорытындылары бойынша 61 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстанның сауда әріптестерінің топ 10 еліне мыналар кіреді: Ресей, Италия, Қытай, Нидерланд, АҚШ, Франция, Швейцария, Корея Республикасы, Өзбекстан және Германия.

Бүгінгі таңда ҚР СІМ басқа да мемлекеттік органдармен, ұлттық клмпаниялармен және квазимемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып, экспорттық бағыттағы басымдықтарды, сондай-ақ өзара ықпалдастықтың алгоритміне тұжырымдамалық тәсілдемелерді анықтағанын атап өткен жөн.

Біздің өнімдерімізді шет елдерде ілгерілету тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін экспорттық қызметтің барлық ойыншыларының өзара іс-қимылы Регламенті әзірленді.