30 Қараша, 2012

«Біздің міндет – мінсіз қызмет»

640 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

«Біздің міндет – мінсіз қызмет»

Жұма, 30 қараша 2012 6:55

Бүгінде Сарыағаш ауданында 300 мыңнан астам адам тұрады. Халық тығыз орналасқандықтан бұл ауданның мемлекеттік мекемелерінің есігінде бір тыным болмайды. Әйтеуір өз шаруасымен шапқылап жүрген ел. Жұрт жиі-жиі бас сұғатын мекеменің бірі – әділет басқармасы. Ендеше бұл мекеме елге қалай қызмет көрсетіп жатыр, тыныс-тіршілігі қалай, қандай жаңалықтар болып жатыр? Біз мұны Сарыағаш аудандық әділет басқармасының бастығы Бегім ТАСҚҰЛОВТАН сұрадық.

 

Жұма, 30 қараша 2012 6:55

Бүгінде Сарыағаш ауданында 300 мыңнан астам адам тұрады. Халық тығыз орналасқандықтан бұл ауданның мемлекеттік мекемелерінің есігінде бір тыным болмайды. Әйтеуір өз шаруасымен шапқылап жүрген ел. Жұрт жиі-жиі бас сұғатын мекеменің бірі – әділет басқармасы. Ендеше бұл мекеме елге қалай қызмет көрсетіп жатыр, тыныс-тіршілігі қалай, қандай жаңалықтар болып жатыр? Біз мұны Сарыағаш аудандық әділет басқармасының бастығы Бегім ТАСҚҰЛОВТАН сұрадық.

– Бегім Ибрагимұлы, әді­лет органдарының қалып­тасуы күреске толы кеңестік дәуірде, сонау 1917 жылдан бас­тау алғанымен біздің тә­уелсіз еліміздің әділет орган­дары­ның құрылымы басқа­шалау. Жалпы қазіргі әділет орга­нының құзыреті қандай? Өз құзыретін толық пайдаланып отыр ма?

– Елімізде тәуелсіздік алған­нан кейін құқықтық рефор­маның маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын әділет органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған қайта құру үдерісі жүргізіліп, 2002 жылдың 18 наурызында «Әді­лет органдары туралы» Қа­зақ­стан Республикасының Заңы қабыл­данып, әділет органда­рының құзыреті мен міндеттері айқын­далды.

Әділет органдары – жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға, заң жобасын әзірлеу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, норма­тивтік құқықтық актілерге заң сараптамасын жүргізу, заңды тұлғаларды, азаматтық хал акті­лерін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды  тіркеу, сот сараптамасы қызметін ұйымдастыру, зияткерлік меншік құқығын қор­ғау саласы бойынша құқықтық көмек көрсету және түсіндіруді қамтамасыз етеді, сот актілерін орындау қызметі де әділет ор­гандарының құзыретіне бе­рілді.

Сарыағаш ауданы әділет басқармасының тарихы  2004 жылдың қазан айынан басталады. Алғашқы жылдары азамат­тық хал актілерін тіркеу бөлімі, заңды тұлғаларды, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және зияткерлік меншік құқығын қорғау салалары жұмыс жасады. 2005 жылдың қаңтар айынан бас­тап бұған азаматтарды құжат­тандыру және  тұрғындарды тір­кеу, 2007 жылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен  жасалатын мәмілелерді тіркеу мен діни бірлестіктермен байланыс салалары қосылды. 2011 жылы діни істермен байланыс қызметі атқарушы орган­дарға, ал құжаттандыру қызметі ішкі істер органдарына берілді.

Әділет басқармасында жұ­мыс атқарып жатқан мамандар­дың барлығы жоғары және арнаулы орта білімі бар заңгерлер. Құрылғанына аз ғана уақыт болса да, басқарма қызметкерлері аудан халқына сапалы қызмет көрсету жолында аянбай қызмет атқаруда. Аудан халқына қызмет көрсету сапасын әрдайым жақ­сартып, көрсеткіштері бойынша облыс аудандары  арасында ал­дыңғы орындардан көрініп жүр. Жалпы, әділет басқар­масының құзыреті сан-салалы және сол міндетін толық атқарып отыр деп ойлаймын.

– Қалай дегенмен де «әді­лет басқармасы» деген атау­дың өзінде үлкен мән жатыр. Атқарып отырған жұмыста­рыңыз аттарыңызға сай жү­ріп жатыр деп айта аласыз ба?

– Біздің мақсат – бар мәсе­лені әділдікпен шешу. Айталық, биылғы жылдың он бір айында басқармаға азаматтардан 21 292 (2011 жылы 29 614) өтініш және сұраныс келіп түсті.  Барлығы да әділ әрі шынайы заң аясында өз шешімін тапты.

2011 жылдың шілде айынан бастап «Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі» іске қосылып, бұл жүйеде бас­қарманың кіріс, шығыс құжат­тары электронды түрде жүзеге асырылады.  Бұл жүйе азаматтардан түскен өтініштерді дер кезінде шешілуіне үлкен ық­палын тигізіп отыр.

Ағымдағы жылдың 11 айында аудандық әділет басқар­масымен ауқымды іс-шаралар атқарылды. Атап айтсақ, құқық­тық насихат жұмыстары бойынша халық арасында Елбасы Жолдауын насихаттау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау, зияткерлік меншік құқығын қорғау,  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы, азаматтық хал актілерін тіркеу, заңды тұлғаларды мемле­кеттік тіркеу туралы заңдары бойынша, сонымен қатар, адам саудасына, нашақорлыққа қар­сы, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мекемелерде, мектеп ұжымдарында дәрістер, дөңгелек үстелдер ұйымдас­ты­рылып, БАҚ-тарда сұхбаттар мен газеттерде мақалалар жа­рия­лау сияқты шаралар өткі­зіл­ді. Аталған мерзімде 106 (2011 жылы 149) іс шара өткізіп, ха­лық­тың құқықтық деңгейі мен мәдениетін өсіруге өз үлесімізді қосып келеміз.

– Қазіргі кезде тұрғындар өтініштерін электронды түрде беруге мүмкіндігі бар. Бұл жүйе қаншалықты тиімді?

– Заманына қарай «Элек­тронды үкімет» порталы арқы­лы  қызмет көрсету   қолға алынып, қазіргі кезде  азаматтар некеге тұруға, заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу бойынша өтініштерін электронды түрде ұсынуға мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта «Электронды үкімет» порталы арқылы 22 жұп электронды түрде өтініш­терін білдіріп, некелері тіркелсе, 3 заң­ды тұлғадан электронды арыздар қабылданып тіркелді.  Бұл қол­жетімді тіркеу түрі ар­қылы 15 минутта тіркеу жүр­гі­зіліп, серік­тестіктің бірінші же­текшілеріне мемлекеттік тір­кеу туралы куә­ліктері табыс етіледі.

– Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша жұ­мыс қалай жүріп жатыр?

– Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы айтсақ, 2012 жылдың он бір айында 7861 сәби дүниеге келіп әділет органдарына тіркелді. Сондай-ақ, осы мерзім ішінде 1297 азаматтың қайтыс болуы тіркелді, был­тырғы жылмен салыстырғанда азаматтардың қайтыс болуы 149-ға азайған. Аталған кезеңде 2163 (2011 жылы 2208) неке қию тіркелді, былтырғы жылмен салыстырғанда 45-ке азай­ған. 263 (2011 жылы 237) некені бұзу тіркелді, былтырғы жылмен салыстырғанда 26 неке бұзу фактісіне көбейген. 26 (2011 жылы 55) тегін, атын, әкесінің атын өзгерту тіркелді, былтырғы жылмен салыстырғанда 29 азайған. 46 (2011 жылы 56) бала асырап алу жазбалары тіркелді. Азамат­тық хал актілерін тіркеу бойынша жалпы сомасы 72­92526,80 (2011 жылы 724­15­83,50)  теңге мемлекеттік баж са­лығы өн­дірілді, былтырғы жылмен са­лыстырғанда 509­43,30 теңгеге көбейді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша тіркеуші органға жалған мәлімет бергені үшін, 2012 жылдың 11 айында ҚР ӘҚБК 376-бабына сәйкес 3 азаматқа қатысты әкімшілік іс­тер қозғалып, сотта қаралып, сот қаулысымен бәріне ескерту берілді, былтырғы жылмен са­лыстырғанда 2011 жылы бұндай әкімшілік істер қозғалған жоқ.

– Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ісі де ең ауқымды және күрделі сала болып есептеледі емес пе?…

– Иә, 2012 жылдың 9 айында азаматтардан 9037 өтініш қа­был­­данып, қаралды. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тір­­кеу үшін 10789000 теңге кө­лемінде мемлекеттік алым өндірілді.

2012 жылдың 11 айында жыл­жымайтын мүлік құқығын тіркеуде заң талаптарын бұзға­ны үшін   ҚР ӘҚБК 354-3-бабына сәйкес 19 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып,   мемлекет пайдасына 80 900 теңге кө­лемінде айыппұл өндірілді.

– Ал, соңғы жылдары ғана жұмысы өрістей бастаған ав­торлық құқықты қорғау, қарақшылық өнімдерді сатуға тосқауыл қоюда қандай шаралар атқарылуда?

– «Авторлық құқық және сабақтас құқықтары туралы» Заң шеңберінде Қазақстан Рес­публикасының Әділет минис­трлігі, Қазақстан Республика­сының Ішкі істер министр­лігі­нің, Қаржы полициясының өз­ара бірлескен іс-қи­мылы жө­нінде бұйрыққа сәйкес, елді алдап, «қарақшылық» өнім сатушыларды тізгіндеу бойынша 2012 жылдың 11 айында  ҚР ӘҚБК 129-бабына сәйкес 11 азаматқа қатысты әкімшілік істер қозғалып (2011 жылы 5), сотта қаралып мемлекет пайдасына 179220 теңге мөлшерде  айып-пұл өндірілді. Бұл нәти­жеге аталған органдардың жұ­мыла жасаған іс-әрекеттерінің арқасында  қол жеткіздік деуге болады.

Жоғарыда айтып кеткендей, заңды тұлғаларды тіркеу  және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу бойынша  2012 жылдың 11 айында 287 өтініш келіп түсті, оның ішінде 93 заңды тұлғадан мемлекеттік тір­кеу, қайта тіркеу 100, өзгерістер мен толықтырулар тіркеу туралы 82 және таратылуына 12 өтініштер келіп түсті. Осы сала бойынша 1073947 теңге мемле­кеттік баж салығы өндірілді.

Бұл салада да заң бұзушы­лық­тардың алдын алу мақса­тында  Қазақстан Республика­сының “Әкімшілік құқық бұзу­шылықтар туралы” Кодексінің  357-4 бабының талаптарын бұ­зылуы жөнінде  3 әкімшілік іс қозғалып әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жалпы сомасы 90700 теңге көле­мінде айыппұл өндіру туралы сот қаулысы шықты.

– Бұқара халықпен байла­н­ыс­тарыңыз қалай? Елдің құқықтық сауатын көтере алсақ, дау да, түсінбестік жағ­дайлар да аз болады емес пе?

– Әділет органдарының қыз­метінің негізгі бағыттарының бірі бұқара арасында құқықтық түсіндіру жұмысын  жүргізу болып табылады. Бұл іске тек біздің қызметкерлер ғана емес, әділет басқармасы жанынан құ­рылған мемлекеттік органдар­дың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің мүшелері де өз үлес­терін қосуда.

Басқарманың «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалымен бірлесіп,  осы жылы 2 рет «Әділет органдары кеңес бере­ді» атты іс-шара өткізуі,  нотариустар мен адвокаттардың қа­тысуымен қабылдаулар ұйым­дастыруы, ауылдық округтерде, еңбек ұжымдарында, оқу орындарында кездесулер өткізіп ха­лыққа құқықтық көмектер көр­сетіп, заңнамалық кеңестер беруі қызметкерлердің ауданның қоғамдық  өмірінен тыс қалмай­тыны деп есептеймін.

Әділет органдарының алдына қойылған міндеттерді нәти­желі    үйлестіруді жүзеге асыру үшін Сарыағаш ауданының ді­лет басқармасы жанынан үйлес­тіру кеңесі құрылған. Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық орган­дарының, құрылымдық бөлім­ше­лерінің және ведомствоға қарасты ұйымдарының, олардың функционалды және өндірістік-шаруашылық қызметіне аралас­пай, құқықтық реформаны тә­жірибелік жүзеге асыру бойынша бірлесіп іс-қимыл жасауын жақсарту мен қызмет нә­тиже­лігін арттыру болып табылады. Сөзімнің соңында «Біздің мін­дет – мінсіз қызмет» деген  ұста­ныммен  қызмет көрсете береміз дегім келеді.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Сарыағаш ауданы.