Қазақстан • 30 Наурыз, 2019

Зейнетақы қоры 1 наурызға дейінгі көрсеткіштеріне шолу жасады

614 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,49 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 115,8млн теңгеге өсті. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,29 трлн теңгені құрады (жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 204,9 млрд теңге (бүкіл жинақтың 2,2%) және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%), деп хабарлайды зейнетақы қорының баспасөз қызметі.

Зейнетақы қоры 1 наурызға дейінгі көрсеткіштеріне шолу жасады

Шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бірліктен асқан. 

Жыл басынан бері Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 12,1 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың ақпаны) 11 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып отыр.  

2019 жылдың екі айы ішінде зейнетақы төлемдері 43,0 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 28,3 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 4,4 млрд теңге болды.Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 62,8 млрд теңге төленді. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,6 млрд теңге болды.    

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды үнемі жетілдіріп келеді. Жыл басынан бері салымшылар мен алушыларға 4,4 миллионнан астам қызмет көрсетілді.Бұл ретте электрондық тәсілмен қызмет көрсету басымдыққа ие – 3,7 миллионнан астам операция (немесе 85%) (шоттан берілген үзінді көшірмелерді есепке ала отырып) электрондық форматта жүзеге асырылды.

«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында тұрақты негізде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар ұйымдар мен кәсіпорындарда және сауда орындарында көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізеді. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам таныстырылымдық шара өткізіліп, оған 140 мыңнан астам адам қатысты.

2019 жылдың басынан бері бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 19 605 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 10,7 млн теңгеге (4,7 млн теңге республикалық және облыстық маңызға ие қала тұрғындарынан, ал 5,9 млн теңге басқа елдімекендердің тұрғындарынан) 21 986 жарна келіп түсті. БЖТ төлеу аясында 2019 жылдың ақпан айында жарна сомасы 3,1 есеге ұлғайды. Сонымен қатар БЖТ бойынша жарналары саны 3,5 есеге және осы жарналар түсетін зейнетақы шоттарының саны 3,4 есеге артты.

Алматы