27 Қараша, 2012

The Financial Times: «Лондонның Жоғары соты Әбіләзовтен 2 млрд. доллар өндіруге қаулы шығарды»

310 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

The Financial Times: «Лондонның Жоғары соты Әбіләзовтен 2 млрд. доллар өндіруге қаулы шығарды»

Сейсенбі, 27 қараша 2012 7:26

Батыстың жетекші БАҚ, оның ішінде TheFinancial Times газеті мен ВВС телеарнасы жақында Лондонның Жоғары соты қыл­мыс­кер Мұхтар Әбіләзовтен қазақстан­дық БТА Банк пайдасына 2 млрд. доллар көлемінде төлем өндіруге қаулы шығарды, деп хабарлады.

 

Сейсенбі, 27 қараша 2012 7:26

Батыстың жетекші БАҚ, оның ішінде TheFinancial Times газеті мен ВВС телеарнасы жақында Лондонның Жоғары соты қыл­мыс­кер Мұхтар Әбіләзовтен қазақстан­дық БТА Банк пайдасына 2 млрд. доллар көлемінде төлем өндіруге қаулы шығарды, деп хабарлады.

Аталған басылымда жазыл­ған­дай, Әбіләзовтің заңсыз иеленген қаржы көлемі алты миллиард долларды құрап отырған көрінеді. Ал сарапшылар пікірі бойынша, банктің бұрынғы директорлар кеңесінің жетекшісі Қазақстаннан БТА мен оффшорлар арқылы 10 миллиардқа жуық доллар шығарған.

2010 жылдың желтоқсан айында британдық апелляциялық сот лондондық Жоғары соттың М.Әбіләзовтің жалпы көлемі 5 млрд.-қа жуық активтеріне ішкі бас­қаруды енгізу қажеттілігі туралы шешімін бекітті. Өйткені атышулы қашқын банкир актив­терді тоқтату туралы 2009 жылы бе­рілген ордерді орындаған жоқ болатын.

2009 жылы мемлекеттің «БТА банк» АҚ капиталына енуінен ке­йін және ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бақылауы­на өтісімен Қазақстан Республи­касының Бас прокуратурасы Әбі­ләзовке қатысты банктен жалған компаниялар арқылы қаржы шы­ғарып, ірі алаяқтық жасаған деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Бұдан кейін көп ұза­май банкир Қазақстаннан қашып шығып, өзіне тағылған айыпты саяси уәж деп Ұлыбританияға барып бас сауғалады.

Осындай алаяқтық жағдай­лар­ды байланыстыра қараған Лон­донның Жоғары соты 2012 жылдың ақпан айында БТА талап арызы бойынша М.Әбіләзовті жалған мәлімет бергені үшін сотты құрметтемегендік деп танып, 22 айға қамауға үкім шығарды. Алайда, бұл үкім әлі күнге ор­ындалған жоқ, өйткені бизнес­мен­нің нақты тұрағы қайда екені белгісіз қалып тұр. Кейбір мәлі­меттерге қарағанда, сотталушы бұрын сот талап еткен құжат­тар­ды кезінде жасыру арқылы кейін соны пайдаланып, құпия түрде Францияға өткен тәрізді. Бұған қоса Лондондағы Жоғары сотта М.Әбіләзовтің мүддесін білдіре­тін Addleshaw Goddard адвокат­тық кеңсесі үстіміздегі жылдың мамыр айында өздерінің клиент­терінің тұрғылықты жерін көр­сетпеу құқын сұраған көрінеді.

Лондон соты БТА банктен 1 миллиард долларды ұрлауға қа­тысы бар және соттың қаулысын орындамағаны үшін бұрын қор­ғану құқығынан айырылған Сейшель және британдық Виргин аралдарында тіркелген бірқатар оффшорлық компанияларға қа­тысты үкімдерді күшінде қал­дыр­ды. Ал Сотты құрметте­меге­ніне байланысты М.Әбіләзовтің апелляциялық шағымы бойынша әлі күнге ресми жариялау бол­мағандықтан, қазан айында қаш­қынның британдық заңгерлері сот тыңдауын кейінге қалдыруды сұрап, «БТА Банк М.Әбіләзовке қарсы» процесте судья Найджел Тирға қарсылық білдіріп, өтініш түсірді. Сондай-ақ, тек Қазақ­стан­да ғана емес, М.Әбілә­зовке қатысты Ресейде де тоқтам салынып, қылмыстық іс қозғал­ды. Сөйтіп, бизнесменге қарсы бар­лы­ғы 9 талап-арыз берілген.

Жалпы, бұрын Лондонның Жоғары соты Әбіләзов бірқатар айыптаулар бойынша сотты құр­меттемегені үшін кінәлі деген ше­шім шығарғандығын еске тү­сірген жөн. Қашқын қаржы ак­тивтері мен құнды қағаздар елден шығарылған «Бубрис» компа­ния­сының қожайыны болып табылатынын жасырған. Сол сияқ­ты ол Лондонның Жоғары сотынан Англиядағы жылжымайтын мү­ліктің қожайыны болып табылатынын да бүгіп қалған. Осындай айыптауларға байланысты сот Әбіләзовті ұстап, 22 ай мер­зімге қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Ал жоғарыда айтқанымыздай, Әбіләзовке қатысты қылмыстық істің 2009 жылдың басында мемлекеттің БТА банк капиталына енуінен және аталған банктің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бақылауына өтуі­нен кейін қозғалғанын еске тү­сірсек, осы қылмыстық іс қозғал­ған соң Әбіләзовтің елден қашып кеткені белгілі. Бұдан кейін оған қарсы Ресейде де қылмыстық іс қозғалып, сырттай қамауға алу шарасы қолданылды. Ал Қазақ­стан бүгінде аса үлкен көлемде алаяқтық жасады және банк қаржыларын жалған компаниялар арқылы ел аумағынан сыртқа шығарды деген айыппен БТА банктің бұрынғы басшысын экстрадициялауды талап етіп отыр. Өйткені, Әбіләзовтің БТА банк­тің басшысы болып тұрған кезде заңсыз жымқырған қаржысының жалпы көлемі шамамен 5 миллиард долларды құрайды деп баға­лануда.

Сондай-ақ, 2011 жылдың қа­ра­ша-желтоқсан айларында Лондон сотында Әбіләзовті сотты құрметтемегені үшін қамауға алу жөнінде БТА банктің талап-арызы тыңдалған болатын. Онда талап-арыз беруші тарап өздерінің көзқарасын жауапкер акцио­нер­лік активтері туралы сотқа жал­ған айғақтар берді, жылжымайтын мүлкі жөнінде сотты шатас­тырарлық мәліметтер келтірді, сонымен бірге, соттың тыйым салғанына қарамастан әлі күнге дейін өз бақылауындағы актив­тер­ді басқаруды одан әрі жалғас­тырып келеді деген дәйектер берді.

Ал қашқын банкирдің арқа­сында аты дүйім елге белгілі бол­ған БТА банк Әбіләзовтің қолына бюджеттің бірнеше миллион­дар­ға кем болып шығуына апарып соқтырған алаяқтық пен сатқын­дық айлакерлік амалдармен тиген. Сол кездегі жаңадан құрыл­ған «Астана холдингтің» жас қожайыны 1998 жылы бұрынғы «Казпромстройбанк» пен «Каз­внеш­экономбанктің» қосылуы­нан пайда болған «өнімді» сатып алу үшін мемлекеттен жүздеген миллион доллар несие алады. Бұл уақытта бұрынғы кеңестік қаржы мекемелері «Тұран банк» және «Әлем банк» деген жаңа атау алып үлгерген болатын. Сөй­тіп, өзара қосылған құры­лымдар «Банк Тұран Әлем» деген атау алады да, мемлекет оны тендерге шығарады. Әбіләзовтің ол уақыттарда ақшаны қолма-қол төлеуге шамасы жете қоймай, займ алуға мәжбүр болады. Түптеп келгенде, Әбіләзов 100 миллион­дық осы қаржыны мемлекетке ішінара ғана қайтарған.

Демек, БТА банкке қатысты істің тек Қазақстанды ғана емес, сонымен бірге, ТМД-ның өзге де бірқатар елдерін дүрліктіргені, дәлірек айтқанда, әуре-сарсаңға салғаны жұртшылыққа енді жақ­сы мәлім. Мәселен, Мәскеу қала­сының Тверь аудандық соты қазақ­стандық БТА банктен ірі көлемде қаржы ұрлануына қаты­сы бар деген айыппен аталмыш банктің бұрынғы басқарма төр­ағасы Роман Солодченконы қа­мауға алған. Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті атап көрсеткендей, Солодченко «БТА банк» АҚ-тың бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілә­зов жетекшілік жасаған ұйым­дас­қан қылмыстық топтың мү­шесі болып табылады. Сонымен бірге, ол Мәскеуде орналасқан «БТА банк» ЖШҰ-ның да төрағасы болған көрінеді.

Сонымен, жоғарыда аталған ресейлік ведомствоның мәлімет­те­ріне қарағанда, 2006-2008 жылдар ішінде «БТА банк» АҚ (Қа­зақстан Республикасы) пен «БТА банк» ЖШҰ-ның (Мәскеу) бұ­рын­ғы басшысы Мұхтар Әбілә­зов өзіне бағынышты «Евразия» және «Евразия Логистик» ЖШҰ-лар арқылы өзге компаниялардың «БТА банк» АҚ-тан 776,4 миллионнан астам рубль, 19 миллиондай еуро және 1,4 миллиардтан астам доллар сомасында несие алған. Бүгінде шетелде жасырынып жүрген Әбіләзовтің өзіне тағылған айыптарға саяси астар беруге тырысатыны осындай қитұрқы істеріне байланысты дейміз. Ол осы тұрғыда бірнеше мәлімдемелер де жасады. Дегенмен, Британ соты қазақстандық БТА банктің оның бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің атына жазған талап арызының саяси астары бар деп мойындаудан бас тартты және бұрынғы басшыға таққан кінәларының заңдылығын растады. Осындай дәлелді себептерге байланысты да Әбіләзовтің өзін жазықсыз зардап шегуші етіп көрсетуге ұмтылуы Британ сотын иландыра алмаған сыңай­лы. Сондықтан да бұрынғы бан­кир­дің мұндай сан қырлы қулығы Лондонда өткен сот процесінде әшкереленіп, аталған елдің Жоға­ры соты «БТА банк» АҚ экс-бас­шысы Мұхтар Әбіләзовке банкке залал келтіргені үшін одан 2 млрд. доллар өндіруге қаулы шы­ғарды. Міне, қулықтың құйрығы бір тұтам деген осы.