04 Қаңтар, 2012

Міндетін адал атқаруда

386 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Міндетін адал атқаруда

Сәрсенбі, 4 қаңтар 2012 7:07

Бейбіт адамдардың өміріне қауіп төнгенде өз өмірлерін өзгелер үшін ойланбай қия алатын полиция қызметкерлері екен­дігі, олардың сын са­ғаттағы батыл да ұтым­ды қимылдары тыныштықты сақтап қала­тындығы, ел үшін, жер үшін намысты қолдан бермей­тіндігі қазір айтпаса да баршаға аян. Мұндай санаттағы полиция қызметкерлері Алматы қала­сының ІІД-інде көптеп қыз­мет етеді. Солар­дың бірқатары Тәуел­сіздіктің 20 жылдығы қарса­ңында арнайы мара­патқа ие болды.

Сәрсенбі, 4 қаңтар 2012 7:07

Бейбіт адамдардың өміріне қауіп төнгенде өз өмірлерін өзгелер үшін ойланбай қия алатын полиция қызметкерлері екен­дігі, олардың сын са­ғаттағы батыл да ұтым­ды қимылдары тыныштықты сақтап қала­тындығы, ел үшін, жер үшін намысты қолдан бермей­тіндігі қазір айтпаса да баршаға аян. Мұндай санаттағы полиция қызметкерлері Алматы қала­сының ІІД-інде көптеп қыз­мет етеді. Солар­дың бірқатары Тәуел­сіздіктің 20 жылдығы қарса­ңында арнайы мара­патқа ие болды.

Қыз­мет­терінде ең жоғары көрсеткіш­терге қол жеткізген тәртіп сақшыларын Алматы қалалық ІІД басты­ғы, полиция генерал-майоры Ерлан Тұр­ғұм­баев марапаттады. Ол полицейлерге ордендер мен медальдар тапсырып, тәртіп сақшы­ларын арнаулы марапат қағазда­рымен құттық­тады. Олардың ішін­­де арнайы жедел әрекет ету жаса­ғының сарбаздары да болды.

«Арнайы жасақтың сақшылары тепсе те­мір үзетін, қиын жағдайда шұғыл әрекет етуге қабілетті, тәжірибелі қызметкерлер. Осы жігіт­тердің кәсібилігі мен қайсар­лығының арқасында көптеген қылмыстар мен құқық бұзушылықтар ауыздықталып, халықтың тыныш өміріне кепілдік беріліп келеді. Бұл жасақтың қызмет­кер­леріне спортпен үзбей айналысуларына бар жағ­дай жасалған», – дейді Е.Тұрғұмбаев.

Алматы қалалық ІІД мен барлық аудан­дық бөлімдері қала тыныштығына бір кісідей жұмыл­дырылған. Мұнда күн-түн демей, демалыссыз бес мыңнан астам сақшы еңбек етуде. Техникалық жарақтану мүмкіндігі мол, кәсіби мамандар арасында мемлекеттік жоға­ры марапат­тарға 19 полиция қызметкері ұсы­нылып, оның 15-і «Даңқ» және «Айбын» ор­дендерімен наградталған. Бейбіт күндегі қыл­мысқа қар­сы күресте 142 алматылық тәр­тіп сақ­шысы түрлі жарақаттар алса, 18 қызметкер қызмет барысында қаза тапқан.

Үстіміздегі жылы Президент Н.­Ә.Наза­р­баев бірнеше аса ауыр қылмыс жасаған қарулы қыл­мыстық топтың көзін жойған «Сұңқар» арнайы бөлімшесінің сарбаздарын ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды. «Сұңқар» шабуылшыларын марапаттау рәсіміне ІІМ Ішкі әскер қол­басшысы генерал-майор Руслан Жақсылықов келіп, өздерінің қызметтік борышын абыроймен атқарған полицейлерге салтанатты түрде мем­лекеттік наградалар табыс етті және бөлімшенің барлық жеке құрамына алғыс білдірді. Сегіз сарбазға ІІ дә­ре­желі «Айбын» ордені табыс етілді, арнайы бө­лімшенің тағы төрт қызметкері «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Әлі күнге дейін ем қабылдап жатқан «Сұңқардың» екі қызметке­ріне ІІМ мен Алматы қаласының ІІД басшы­лы­ғы олардың наградаларын ауруханада тапсырды.

«Сұңқар» және басқа бөлімшелердің қоғам­дық тәртіпті қамтамасыз ету жұ­мыстары өте жоғары жауапкершілікті талап етеді, ал кей жағдайларда олардың өмірі қатерге толады. Бірақ мұндай қа­уіпті шақ арнайы дайын­дық­ты, сонымен бірге, сабыр­лылықты, төзім­ділік пен жанқияр­лық­ты да талап етеді. Бү­гінгі таңда арнайы жедел шаралар кезінде жарақат алған екі сарбаз ғана ауруханада жатыр, ал қалғандары қазір сапта. Олардың ерлігін Мемлекет басшысы, ІІМ басшылы­ғы мен азаматтар жо­ғары бағалады. Бұл орай­да Ерлан Тұр­ғұм­баев по­лицияның осы бөлімшесінде өз ісінің нағыз шеберлері, рухы күшті, табанды жә­не адал адамдар қызмет ететінін атап айтты. «Бұ­лар мыңдаған арнайы шараларды сәтті аяқтаған, көптеген қа­уіпті қылмыс­керлер­ді құ­рықтаған адамдар. Бұл бөлім­шенің әрбір қыз­мет­кері Отанына қалтқы­сыз қызмет ете­ді. Олардың ісінің нә­тижесі – аза­маттардың қауіп­сіздігі», – дейді басшылық.

Жалпы, тарих қойнауына енген 2011 жылда елді елең еткізген оқиғалар жетер­лік. Соның бірі – Алматы қаласында 35 жастағы өмірден түңілген келіншектің сәбиін 5-қабаттан лақтырып жібергені еді. Естіген елдің жағасын ұстатқан бұл оқиғаның қайғылы аяқталмауына дер кезінде көмекке келген сақшылардың ерлігі мен кәсібилігі ғана сеп болды.

Түсінікті болуы үшін оқиғаны басынан баян­дайық. Әуезов ауданындағы шағын аудан­дардың бірінде тұратын әйелдің бауыр еті баласы – небәрі 3 жастағы ұлын өлтір­мекке бел буғаны туралы дабыл түсі­сімен, оқиға орнына алғашқы­лардың бірі болып қалалық ІІД ППП-ның «Боран-086» мүше­лері жетеді. Баласын өлтіруді, артынан өзіне де қол салуды ойлаған келін­шектің ессіз әре­кетін тоқтату үшін экипаж мүшесі, аға лейтенант Серік Жапаров үйдің шатырына көтеріледі. Ал бұл кезде оның көмекшісі, полиция аға сержанты Заитжан Аюпов өлімге бас тіккен әйелді сөзге тартып, келіссөз жүр­гізіп тұр­ған. Бір кезде ашуға бу­лыққан келін­шек қолын­дағы баласын 5-қабаттан лақтырып жіберіп, артынша өзі де секі­реді. Осы сәтте шатырдан тө­мен құл­дилаған баланы аға сержант қас қағым сәтті қалт жібермей аса ептілік­пен қа­ғып алады. Не болып, не қойға­нын тү­сін­беген сәби тарс жұмған көзін аш­қанда өзіне күлімсіреп қарап тұрған жылы жүзді бейтаныс адамды көреді. Дегенмен, қатты шошынып қалған сәбиге психоло­гия­лық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлері оны 1-қа­лалық балалар ауруханасына жет­­­кізеді. Ал ауыр жарақат алған әйел қалалық 7-клиникалық ауруханасына жөнелтіледі.

Қысылтаяң сәтте сабырлылық сақ­тап, қыра­ғылық танытқан аға сержант Заитжан Аюпов­тың бұл ерлігі елеусіз қалған жоқ. Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Па­­трульдік полиция қыз­меткеріне бұл марапатты қала әкімі Ахметжан Есімов табыс етті.

«Ең бастысы, марапатталуда емес, бүлдір­шіннің амандығында ғой. Сәби­дің жағдайын біліп, ауруханаға барып тұра­мын. Мен тек өзіме жүктелген міндетімді абыроймен атқардым деп сенімді түрде айта аламын. Осындай деңгейдегі мара­патқа ие болу үлкен мәртебе», – дейді аға сержант Заитжан Аюпов. Міне, біздің қалада мұндай полиция қызмет­керлері бар­шылық.

Гүлнәр ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы ІІД қызметкері.

АЛМАТЫ.