Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Көкшетау қаласын су басу қаупі жоқ екенін, тәулік бойы жедел штаб жанталаса жұмыс істеп жатқандығын хабарлайды.
Иванов тоғанына құйылып жатқан су көлемі төмендеген. Көкшетау қаласын қақ жарып өтетін Қылшақты өзенінің деңгейі 80 сантиметрге төмендеген. Қазіргі күні Кенесары және Иванов тоғандарын және Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің саласын бақылап отыратын бекеттер қойылды. Жағдайды тұрақтандыру үшін 258 адам мен 20 арнайы техника жұмыс істеуде.
Қазіргі күні Қылшақты өзені сабасына түсіп, қауіптің беті әрі қарады.
Ақмола облысы