10 Наурыз, 2010

Болашақ медбикелер көмекке келді

767 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары Орал медицина кол­леджі студенттері үшін арнайы се­минар-кеңес өткізді. Онда сала­мат­ты өмір салтын насихаттау, әлеу­меттік маңызы бар аурулар­дың алдын алу, тұрғындар ара­сын­да профилактикалық шараларды өткізу тәртіптері тақырыптарында лекциялар оқылды. Басты бір атап өтерлік мәселе – аталған шара шеңберінде биыл арнаулы оқу орнын аяқтағалы отырған сту­дент­тер Орал қаласы емханаларына көмекке шақырылды. – Мұның өзі әрі көмек, әрі тәжірибе. Осы арқылы соңғы курс студенттері қаланың медициналық мекемелерінде қызмет жасайтын дәрігерлерге қол ұштарын тигізе алады. Сондай-ақ болашақ мед­би­келер тұрғындар арасында анализ тапсыру, үйден емделетін науқас­тар жөнінде ақпарат жинау секілді дәрігердің қабылдауына дейінгі шараларды жүргізуге көмектеседі. Осы уақыт аралығында кәсіби шеберлік көрсете білген болашақ медбикелер сол емдеу мекемеле­рін­де қызметке қалдырылатын болады, – деді газет тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Хамидолла Ирменов. Орал. Темір ҚҰСАЙЫН.