Баспасөз мәслихатына «Жасыл экономика қолдау және G-Global дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Салтанат Раxымбекова, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төрағасының орынбасары Елдос Абаканов, Ұлттық экономика министрлігінің және Энергетика министрлігінің өкілдері қатысты.
Салтанат Раxымбекованың айтуынша, бұл байқауды өткізудегі мақсат тұрақты даму шараларын іске асыруды насиxаттауға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тарту, сондай-ақ Қазақстанның жасыл экономикаға байланысты міндеттерін жүзеге асыруына азаматтық қоғамды атсалысуға шақыру.
– Байқауға БАҚ өкілдері мен блогерлер қатыса алады. Конкурс төрт номинация бойынша өтеді. Өтініштер 20 қыркүйекке дейін қабылданады,– деді ол.
Жеңімпаздар мен журналистерді марапаттау рәсімі 2019 жылдың 7-8 қарашасына жоспарланып отыр екен.
Алтынай ҚАНАТҚЫЗЫ