Қоғам • 01 Сәуір, 2019

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің үздіктері анықталды

1353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің үздіктері анықталды

Наурыз айының соңғы күндерінде Қызылорда қаласында өткен олимпиадаға қатысқан «Республикалық физика-математика мектебінің»  оқушылары қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиададан жүлдемен оралды.

Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық аймақтарынан қатысқан алты жүзден астам оқушы  бақ сынасып, білімнің көрігін қыздырды. Олимпиада қорытындысына орай  Алматы РФММ келесі оқушылары 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль иеленді. Олардың қатарында:  Анастасия Тучина, (орыс тілі, 11 «Д» )алтын медаль, Александр Лесовиченко, (орыс тілі, 10 «Д») алтын медаль, Ханыльбек Чой, (ағылшын тілі, 11 «Ж») — алтын медаль, Аида Онаева, (орыс тілі, 9 «Г») күміс медаль, Зере Дадебаева, (орыс тілі, 9 «В») күміс медаль, Динара Баймұхамбетова, (орыс тілі, 11 «Е») қола медаль, Марлен Маликов, (орыс тілі, 11 «А») қола медаль,  Жан Алдамжаров, (ағылшын тілі, 11 «Д») қола медаль иеленген. Алматы РФММ ұстаздары оқушыларының осындай жетістіктерін мақтан етеді.