Экономика • 01 Сәуір, 2019

Қазақстандық отын банкіне төмен байытылған уран 2019 жылдың II жартыжылдығында жеткізіледі

517 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев наурыз айының соңында айтты.

Қазақстандық отын банкіне төмен байытылған уран  2019 жылдың II жартыжылдығында жеткізіледі

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭЖХА  агенттік  90 тонна төмен байытылған уран өнім жеткізіледі. Жеткізу және орналастыру шығынын  аталмыш агенттік көтереді.  Қазақстан жағы уранды тікелей сақтауға кететін шығындарға жауап береді.Энергетика министрі осыған дейін журналистермен кездескен кезде  төмен байытылған уран банкі 255 уран изотопымен 4,75-ке дейін байытылған 90 тонна уран гексафториді екенін айтқан болатын.  Бұл материалдан қуаты 100 Мегаватқа дейінгі атом станциясының реакторын бір жүктеуге арналған отын дайындауға болады. «Бұл ядролық қалдыққа ешқандай қатысы жоқ отын дайындауға арналған бастапқы материал», дейді министр Бозымбаев.  

2019 жылдың сәуір айында Лондондағы дүниежүзілік ядролық қауымдастық  2020 жылға қарай әлемде жұмыс істеп тұрған 463 атом электор стансаларынан бөлек, 184 қосымша АЭС салынатынын жазды. Мұның соңы  уранға деген қажеттіліктің екі есеге артуға алып келетінін ядролық қауымдастық біліп –сезіп отыр.  

Мұндайда әлемнің назары Қазақстанға  ауады. Біздің ел  уран өндіруде қазір әлем бойынша бірінші орында тұр. Әлемде 2018 жылы 62 мың тонна уран өндірілсе, соның 24,5 мың тоннасын Қазақстан өндіріпті.

Біз негізінен уранды Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ тағы басқа Еуропа елдеріне  импорттаймыз. Сала мамандары болашақта шикі уранды шетел асыра берудің орнына өзімізде ұқсатуды қолға алудың кезі келді дейді..

Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институтының ғылыми істер жөніндегі директорының орынбасары Насурлла Бөртебаев өткен апта соңында журналистермен  кезде  мұның  коммерциялық жоба, бұдан қорқуға негіз жоқ екенін  айтыпты. Ақтаудағы тоқтатылған БН-350 реакторының ядролық отыны да толығымен осы Семей полигонындағы сақтау қоймаларына көшірілді.  Демек тек Өскеменде емес, Семейде де  ядролық отын қоймаларын ашуға мүмкіндік бар. 

Ядролық физика саласы маманы, профессор  Артур Беклемишев ядролық отын, ядролық отын банк    ядролық өндірістің пайдалы бағыттарының бірі. Жапонияда 22, Қытайда 14 ядролық отын банк бар.  Олар   төмен байытылған уран өнімнің мүмкіндігін кеңінен пайдаланып, сатып отыр.    «Егер меңгере алсақ, ядролық отын жағуды игере алсақ байлығымыз еселенер еді. Бірақ әзірге технологиялық, инновациялық әлеуетімізбен өлшегенде  бұл біз үшін таңсық дүние. Шешім қабылданды. Енді оның мүмкіндігін пайдаланудан өзге жол жоқ», -дейді Артур Беклемишев.