Бірлік жібі үзілмейді
Жұма, 27 қаңтар 2012 7:09
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының Жаңаөзен оқиғасына қатысты теларналар арқылы жасаған мәлімдемесінің маңызы зор. Бұл жөнінде таратып көп әңгіме айтуға болады. Соның ең бастысы – еліміздің ынтымағы мен бірлігіне қандай да бір сызат түсіруге жол берілмейтіндігі, жарасты өміріміздің асыл құндылықтары көздің қарашығындай сақталатындығы дер едім.

Жаңаөзен оқиғасы тәртіпсіздігінің себептері жекелеген адамдардың тойымсыздығы мен ашкөздігінің салдары екендігі ашып көрсетілді. Жұмыс берушілердің қырсыздығынан, жаны ашымастығынан туындаған қатыгездік мемлекеттік мүддемізге қастандық екендігі мәлім. Жетістіктеріміздің жемісін жалпақ елден жырымдау, игілік қорымызға арсыздықпен қол салу заңдарымызда да, адамдық пайымда да кешірілмес күнә саналады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасына терең де қатаң зерттеу мен тергеу амалдарын жүргізуді талап етуі, істің мән-жайын халыққа ашық әрі бүкпесіз жеткізуді міндеттеуі, оны сәт сайын қадағалап отыруы мемлекеттік ұстындарымыздың беріктігін дәлелдейді. Бұл Президентіміздің елді ұйыстырудағы орасан зор қызметін айшықтап, қоғам мүшелерінің конституциялық құқықтарына кепілдік беретін сенімді тұлға екендігін көрсетеді. Сондықтан да қолға алынған шаралар Жаңаөзен төңірегінде шектеліп қалмайды, оның сабақтары баршамызды ойға қалдырып, толғандыратыны анық.
Арамызда тіршілігіміздің шырқын бұзу ниетіндегілер, арандатуға бас-көзсіз еретіндер барлығы жанға батады. Әйткенмен, еліміздің ортақ ниет, достық пен ынтымақ шуағымен ширатыла шыңдалған бірлік жібі ешқашан үзілмейді. Оған біздің заңдарымыз, жасампаз халқымыз жол бермейді.
Берік БЕРКІМБАЕВ, Ақмола облыстық сот актілерін орындау департаментінің бастығы.
Ақмола облысы.