Қысқы спорт • 02 Сәуір, 2019

Үздік миномет батареясы анықталды

480 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Қарулы Күш­тері Бас штабы басты­ғының нұсқауын жүзеге асыру және мамандардың кәсіби даярлығын тексеру мақсатында, Ракета әскерлері мен артиллерия әскерлерінің қолбас­шы­сы, полковник Ас­қар Жоламановтың басшы­лығымен «Шығыс» өңір­лік қолбас­шылы­ғы­ның әс­кери полигоны аума­ғында алғаш рет Құрлық әс­кер­лерінің миномет бата­рея­ларының жарысы өтті.

Үздік миномет батареясы анықталды
– Семейге арнайы келіп сынға түскен «Шығыс», «Ба­­тыс» және «Оңтүстік» өңірлік қол­басшылықтарынан 120-дан астам әскери қызметші, яғни 5 миномет батареялары жа­рыс­тың үш кезеңінде өзде­рінің теориялық білімдері мен­ тәжірибелік дағдыларын көр­­­­­­сету үшін іріктелді, – де­ді «Шығыс» өңірлік қолбас­шы­­лығы баспасөз қызметінің жетекшісі, аға лейтенант Ислам­бек Қалдыбеков, – бірінші ке­зең – «Атыс» бойынша, бата­рея­лар жалпы командалық нә­ти­жемен ең көп балл жинай­тын батареяны анықтау үшін АК-74-тен 4 бақылау ату жат­тығуларын орындады. Екін­­­ші кезең «Ар­найы» деп атал­ды. Әскери қыз­метшілер арнайы дайындық бойынша өздерінің білімдерін көрсетті. Бөлімше құрамында және жеке өз мамандықтары бойынша сы­нақтар мен нор­­ма­тивтерді тап­­сырды. Үшінші кезең «Ба­тареяның атуы» деп аталды. Жарыстың бұл  ке­зе­ңінде жеке құрамның әре­кетін соғыс жағдайына максималды жақындату үшін жеңіл брон­­далған көп мақсатты тарт­­­­­қышында (МТЛБ) от­­­ по­зиция­сын ауыстыра отырып нысана­ларды әртүрлі қашықтықтан минометтен көз­деп атудан сын­ға түсті. 


Жарыс қорытындысы бойын­ша бірінші орынға «Шығыс» өңір­лік қолбасшы­лығының 27943 әскери бөлі­мінің ми­но­мет батареясы, екін­ші орын­ға «Оңтүстік» өңірлік қол­бас­шы­­­­­­лығының 74884 әскери бө­лі­­мінің миномет батареясы, үшінші орынға «Батыс» өңірлік қол­басшылығының 30238 әске­ри бөлімінің миномет батареясы лайық­ты болды.


Раушан НҰҒМАНБЕК,


«Еgemen Qazaqstan»


СЕМЕЙ