Заңдылыққа сенім мол
Жұма, 27 қаңтар 2012 7:13
Жаңаөзен қаласында болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан азаматтардың қайтыс болғаны, жарақат алып зардап шеккендері жанымызға қатты батады. Небір заманда өмір сүріп, түрлі жағдайлардың куәсі болған ардагерлердің бәрі де осылай – дейді.
Бұзақылықтың салдарынан біраз адам қиын жағдайға тап болды. Небір әсем ғимараттар қирады. Жазығы жоқ жеке азаматтардың дүние-мүліктері талан-таражға түсті. Осыларды ойлағанда қатты қиналамыз. Осындай сәтте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Ақтауға келіп, Жаңаөзендегі жағдайды өз көзімен көрді.
Жұма, 27 қаңтар 2012 7:13
Жаңаөзен қаласында болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан азаматтардың қайтыс болғаны, жарақат алып зардап шеккендері жанымызға қатты батады. Небір заманда өмір сүріп, түрлі жағдайлардың куәсі болған ардагерлердің бәрі де осылай – дейді.
Бұзақылықтың салдарынан біраз адам қиын жағдайға тап болды. Небір әсем ғимараттар қирады. Жазығы жоқ жеке азаматтардың дүние-мүліктері талан-таражға түсті. Осыларды ойлағанда қатты қиналамыз. Осындай сәтте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Ақтауға келіп, Жаңаөзендегі жағдайды өз көзімен көрді. Халықпен кездесіп, көңіл айтып, сол жерде тиісті орындарға жедел түрде тапсырмалар беруі көңілімізден шықты. Сол сәтте Ішкі істер министрі бастаған жедел тергеу тобы құрылып, іске кірісті. Кеше еліміздің Бас Прокуроры сол оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Онда сол күнгі тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар және оған белсене қатысушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, олардың жауапкершілікке тартылғандықтары айтылды. Яғни, кінәлі адамдар Заң бойынша жазаға тартылады. Ата Заңымыз баршаға бірдей екені белгілі. Заң әр уақытта да елдің тыныштығы, азаматтардың қауіпсіздігі мен өмірін қорғау үшін қолданылады. Біздің әділ Заңымыз ақ-қараны айырып, халқымыздың келешектегі тыныш өміріне игі ықпал етсе екен деп армандаймыз.
Жастарымыз алдағы уақытта жеке топтардың жетегінде кетпей, арандатуға бармай әр ісін ақылмен таразыға салып, ой елегінен өткізіп отырса елге де, өздеріне де пайдалы болатындығын айтқым келеді. «Аққа – құдай жақ» демекші жазықсыздар ақталар, ал енді кінәлі адамдар тек қана әділ заң арқылы тиісті жазасын алатын шығар деген ойдамын. Сонда ғана ел тыныш, азаматтарымыз аман болатынына күмән жоқ. Біздің арман-тілегіміз осы.
Жаздырхан СЕЙДАЛИЕВ, Ақтау қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері.
Маңғыстау облысы.