Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

iKomek наурыз айындағы топ-5 қала мәселесін жариялады

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірыңғай байланыс орталығына наурызда 89 мың азамат хабарласқан. Жыл басынан 472 мыңнан астам қоңырау қабылданды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

iKomek наурыз айындағы топ-5 қала мәселесін жариялады

IKomek мәліметтері бойынша, 1-ші сәуірдегі жағдай бойынша қаланың топ 5 проблемасы келесідей: қала тазалығы – 4 796 хабарлама (3 746 жабылған, 1050-і бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр); су тасқыны – 3 989 хабарлама (1370 жабылған, 2 619-ы бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр), қоғамдық көлік – 2 877 хабарлама (2 344 жабылған, 533-і бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр), жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау – 2778 хабарлама (1 292 жабылған, 986-ы бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр), ағын су – 2 009 хабарлама (1 566 жабылған, 443-і бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр). 

«IKomek109» бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың басынан жұмыс істеп келеді. Өткен жылы орталық миллионнан астам өтінішті қабылдаған болатын. Бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі арқылы хабарласуға болады. 

Сондай-ақ,Whatsapp iKOMEK109: + 7-747-109-0-109 нөмірі арқылы, әкімдіктің ресми сайтыwww.astana.gov.kz, 

Telegram chat бот: https://t.me/astanaikomek109_bot, 

Smart mobile app Астана (AppStore / PlayMarket), iKOMEK109 мобильді қосымшасы (AppStore / PlayMarket) және 109@ikomekastana.kz электрондық мекен-жайы бойынша өтініш қалдыруға болады.