Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

Атырау әуежайындағы тергеу шаралары аяқталды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау халықаралық әуежайында полиция қызметкері абайсызда әйел адамды аяғынан жарақаттап алды. Өткен жұма күні әуежайдың жолаушылар терминалында болған осы оқиғаға байланысты тергеу шаралары аяқталды.

Атырау әуежайындағы тергеу шаралары аяқталды

Атырау халықаралық әуежайында полиция қызметкері абайсызда әйел адамды аяғынан жарақаттап алды.  Өткен жұма күні әуежайдың жолаушылар терминалында болған осы оқиғаға байланысты тергеу шаралары аяқталды.

Кезекшілікте тұрған полиция қызметкері М.М. қару сақталатын бөлмеде ІІМ тапаншасынан байқаусызда оқ атқан. Банктердің бірінің инкассация қызметінің қаруын тексеру кезінде қарудан шыққан оқ әуежай залында отырған  38 жастағы әйелдің аяғына тиді. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді, жағдайы қанағаттанарлық.

Ал жұмыс барысында қаруды абайсыз қолданған полиция сержанты мен әуежайдағы желілік полиция бөлімінің жетекшісі, көліктегі полиция бөлімі басшысының екі орынбасары лауазымдарынан босатылды.

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті басшысының орынбасары Марат Әлкеновтің айтуынша, зардап шегуші әйел қарудың кездейсоқ атылып кеткенін түсініп, наразылық білдірмеген. Қазір облыстық ауруханының ақылы палатасында ем алып жатыр. Оның еміне қажет шығынның бәрін Көліктегі полиция департаменті мойнына алған.

«Атыраудағы оқиғадан кейін еліміздегі барлық әуежайлар мен теміржол вокзалдарындағы арнайы бөлмелер тексеріліп, талапқа сәйкестендіріледі», - деді министрлік өкілі.

 

       АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар