Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

Жайықта кемелер шеруі өтті

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және шекара қызметінің 11 қайығы мен 17 шағын кемесі Жайық өзеніндегі шеруге қатысты. Балықшы ықшам ауданынан өзеннің Каспий теңізіне құяр жеріне дейінгі аралық су көлігіне толды. Биыл «Бекіре-2019» балық қорғау акциясы осылайша ерекше басталды.

Жайықта кемелер шеруі өтті

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов: «Теңіз жағалауы мен су айдындарында, Жайық, Қиғаш өзендерінің ағындарында, жалпы броконьерлік деректер болуы ықтимал жерлерде шоғырланған стационарлық, мобильді бөлімшелер мен жылжымалы жолдар тобы ұйымдастырылды. Науқан барысында 16 бекет қойылып, 500-ден астам адам қызмет етеді»,- дейді.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін науқан 31 мамырға дейін жалғасады. Жайық-Каспий бассейнінде бағалы бекіре балықтардың түрлерін сақтауға бағытталған шара аясында жыл сайын жүздеген заң бұзушылық деректері анықталып, шара қолданылады.


    АТЫРАУ