Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

Жаңартылатын энергия көздері негізіндегі нысандарға жобалар іріктеледі

1105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі барлық мүдделі тараптарды 2019 жылы жаңартылатын энергия көздері негізінде жұмыс жасайтын генерациялау объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады, деп хабарлайды аталған министрліктің Баспасөз қызметі.

Жаңартылатын энергия көздері негізіндегі нысандарға жобалар іріктеледі

Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына» сәйкес 2019 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі  ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында (http://energo.gov.kz/) орналастырылды.

Графикте бекітілген мәліметтердің негізінде 2019 жылы іріктеуге жоспарланған электр станциялардың түрі бойынша бөлінген жалпы жиынтық қуаты 255 МВт:

- күн электр станциялар - 80 МВт (оның ішінде 50 МВт жобалық аукционға); - жел электр станциялар - 100 МВт; - су электр станциялар - 65 МВт; - Био ЭС - 10 МВт құрайды.