Үкімет • 02 Сәуір, 2019

Сенат комитеті атқарушы органдардың қызметін бәсекелес ортаға беру туралы заң жобасын қарады

324 реткөрсетілді

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері қаралды.

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасы 100 нақты қадам –  Ұлт Жоспарының өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешім қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге, мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беруге бағытталған 97-қадамын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасында орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі мақсаттары, қағидаттары мен тәсілдері реттеледі. Функцияларды іріктеу мен бәсекелес ортаға берудің негізгі өлшем шарттары, сондай-ақ тәртібі белгіленген.

Заң жобасымен мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің бес тәсілі ұсынылады: аутсорсинг арқылы (мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес); мемлекеттік тапсырма аясында (бюджет заңнамасына сәйкес); мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы заңнамаға сәйкес); функцияларды пайдаланушылар есебінен беру; міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы.

Заң жобасында бәсекелес ортаға берілген функциялардың мониторингі көзделеді, оны орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалар жүргізеді. Мониторинг нәтижелері бойынша бәсекелес ортаға берілген функциялардың сапасыз жүзеге асырылғаны анықталған жағдайда, функция қайтарылуға жатады.

Одан басқа, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасының артуы» Жолдауында жарияланған тапсырмаларын іске асыру мақсатында заң жобасында мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беруді және кірістерді өзі дербес пайдалану құқығы көзделген.

Комитет сондай-ақ «Бір тараптан ЕЭО пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын да қарады.

Заң жобасы 2018 жылғы 17 мамырда Астана қаласында жасалған Келісімді ратификациялауға арналған.

Келісімде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасында бірқатар бекітілген тауарларға қатысты 3 жыл мерзімге преференциялық сауда режимін белгілеуді және өзара саудадағы импорттық кеден баждарын төмендету көзделген.

Заң жобалары Палата қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Жазығы жоқ көктемнің

Әдебиет • Бүгін, 15:36

Шымкентте 40 586 азамат әлеуметтік төлем алды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:37

Еріктілердің елеулі ісі

Аймақтар • Бүгін, 14:33

Ұқсас жаңалықтар