Экономика • 03 Сәуір, 2019

ОПЕК+ әлемдік мұнай бағасына ықпал ете алмады

1123 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ОПЕК+ ұйымының бастамасы нәтиже бермеді. Бұл туралы ұйымның наурыз айының соңғы күні жариялаған есебінде белгілі болды. «Қазақстанда 2019 жылы сұйық көмірсутектерін өндіру тәулігіне 0,04 млн баррель артып, тәулігіне орташа деңгейде 1,85 млн баррельге жетеді деп болжануда» - делінген есепте.

ОПЕК+ әлемдік мұнай бағасына ықпал ете алмады

Бұл ретте атап өтілгендей, қазақстандық мұнай компаниялары техникалық қызмет көрсетулерді жүзеге асыру үшін мұнай кен орындарындағы өндірісті уақытша тоқтата тұру туралы жариялады.

«Мұнай өндірісі Қашаған кен орнында 14 сәуірден бастап 45 күнге уақытша тоқтатылады, Теңізде 1 тамыздан бастап 42 күнге және Қарашығанақта 15 қыркүйектен бастап 28 күнге уақытша тоқтатылады» делінген жауапта.

ОПЕК ақпарынша, қаңтарда Қазақстанда сұйық көмірсутектер өндірісі аздап тәулігіне 7 мың баррельге және айлық мәнде орташа 1,89 млн баррельге өсті. Шикі мұнай 11 тб/с өсіп, тәулігіне орташа мәнде 1,63 млн баррель деңгейіне жетті, сөйтіп жылдық мәнде 96 тб/с артты, ал бұл ретте табиғи газ өндірісі айлық мәнде 4 тб/с төмендеп, орташа есеппен тәулігіне 0,27 млн баррельге жетті. Қашаған кен орнындағы мұнай өндірісі тәулігіне 0,31 млн баррель деңгейіне жетті.

S&P Global Platts ақпараттық агенттігі редакторлық бөлімнің директоры Роберт Биман өткен аптада   Нұр-Сұлтанда өткен халықаралық жиында  АҚШ пен ОПЕК+ арасындағы түсініспеушіліктің түйіні тарқағанда ғана мұнайдың бір баррелінің бағасын 65-70 доллар шамасында ұстап тұру мүмкін болатынын  айтты. Оның пайымдауынша ОПЕК+ 2019 жылдың 6 айында әлемдегі мұнай өндірісін тәулігіне 1,2 млн баррельге кемітуге бастамашы болды. Бірақ  АҚШ бұл ұсынысты қолдағысы келмейді. АҚШ мұнай өндіру көлемін көбейтетін болса, әлемдік мұнайдың қазіргі бағасы өзгеруі әбден мүмкін.

«2018 жылы АҚШ Иранға санкция салатынын мәлімдеп, Дональд Трамп Сауд Арабиясының короліне мұнайдың қымбат бағасына қатысты шағымданды. Болашақта АҚШ мұнай өндірісін ұлғайтса, ал ОПЕК+ ұйымына мүше мемлекеттер міндеттемелерін тиісінше орындамаса, әлемдік мұнай бағасы өзгереді» деді ол бүгін журналистермен кездескен кезде.

Сарапшылар  Қытай мен Үндістан 2019 жылдан бастап  мұнайды  сатып алуды көбейтті.

«Біздіңше олар арзан бағамен үлкен қор қалыптастырып алмақшы. ОПЕК+ мүше-мемлекеттерді мұнай өндірісінің көлемін азайтуға келістірсе де, әлемдік мұнай бағасына ықпал ете алмады. Бұл ОПЕК+ ұйымының бастамасы н Былтыр дүниежүзі тәулігіне 99 млн баррель мұнай тұтынды», –деді ол сөзін түйіндеп.

S&P Global Platts ақпараттық агенттігінің Мәскеудегі бөлімшесінің атқарушы редакторы Надежда Родова 2016 жылдың желтоқсанында ОПЕК-ке мүше және оған кірмейтін өзге де мұнай экспорттаушы елдер 2017 жылдың 1 қаңтарынан жылдың ортасына дейін мұнай өндірісі көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге азайту туралы ортақ келісімге келгенін айтты. Кейін  ОПЕК және одан басқа 10 мемлекет 9 ай мұнай өндіруді шектеу  туралы келісімді ұзартып, оның мерзімін 2019 жылдың сәуіріне дейін созыпты.

«Қазақстан ОПЕК алдындағы міндеттемесін орындаған жоқ. Ресей де уәдесінде тұра алмады. Себебі мұнай өндірісінің көлемін азайту екі елге де тиімсіз. Негізі келісім бойынша, тәулігіне 380 мың баррель мұнай өндірілуге  тиіс болатын» деді Надежда Родова.

АЛМАТЫ