Форум аясында Фараби тақырыбын терең зерттеп жүрген түрік ғалымы –PhD, Ұлығдағ университетінің теология факультетінің профессоры Яшар Айдынлы мен отандық ғалым – философия ғылымдарының докторы, профессор Ғалия Құрманғалиева Ғылыми кеңестің шешімі бойынша «Үлкен әл-Фараби алтын медалімен» марапатталды.
Биылғы Форумда ғылым мен білім беру интеграциясы, жаһандық заманында адамзат жаңарған адамгершіліктік бағдарлар мен құндылықтар, қазіргі қоғамның рухани және интеллектуалды мәдениетін өркендету мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылаады.
2014 жылы негізі қаланған «Халықаралық Фараби оқулары» онкүндігінің аясында халықаралық Фараби форумы, ғылымның әр салалары бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми‐практикалық, ғылыми-әдістемелік, онлайн конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар, «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы, инновациялық жобалар байқауы өткізіліп, Ғылым күні атап өтіледі.