Жиынға барлық құқық қорғау органдары мен жауапты мекеме басшылары, қала және аудан әкімдері селекторлық бейнебайланыс арқылы қатысты.
Жиын барысында бірқатар басқармалар мен департаменттердің басшылары баяндама жасап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Облыс әкімі О.Оразалин жобаны жүзеге асыру бойынша облыстық дін істері басқармасының басшысына және облыстық ішкі істер департаментіне ауданға шығатын басқарма басшылары вахталық ауылдарда өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, жиында облыстық ішкі саясат басқармасына әлеуметтік желілермен жұмыс жасауды арттыруды, облыстық ішкі істер департаментіне аудан әкімдерімен бірлесіп, ауылдық жерлерде учаскелік инспекторлардың жұмыс сапасын күшейту қажеттігі баса айтылды.