Білікті маман – іс шешімі
Сейсенбі, 7 ақпан 2012 8:16
Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Президент Н.Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресті мамандандырылған мемлекеттік орган Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізеді.
Ал бұл салаға мамандар даярлауды 1999 жылы құрылған Қаржы полициясы академиясы жүзеге асырады.
Міне, осы орайда біз Қаржы полициясы академиясының бастығы генерал-майор Р.ЫБЫРАЙЫМОВҚА жолығып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге және экономикалық қауіпсіздікті сақтауға дайындайтын аталған оқу орны тыңдаушыларын даярлау мәселелері туралы әңгімелескен едік.
Сейсенбі, 7 ақпан 2012 8:16
Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Президент Н.Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресті мамандандырылған мемлекеттік орган Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізеді.
Ал бұл салаға мамандар даярлауды 1999 жылы құрылған Қаржы полициясы академиясы жүзеге асырады.
Міне, осы орайда біз Қаржы полициясы академиясының бастығы генерал-майор Р.ЫБЫРАЙЫМОВҚА жолығып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге және экономикалық қауіпсіздікті сақтауға дайындайтын аталған оқу орны тыңдаушыларын даярлау мәселелері туралы әңгімелескен едік.
– Рүстем Әнуарұлы, сыбайлас жемқорлық деген дерт қоғамның жегі құрты екені баршамызға мәлім. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі жеткілікті және тиімді ме? Сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша келтірілген материалдық шығындар миллиондаған теңгені құрайтыны белгілі. Бұл орайда қандай шаралар қолға алынуда?
– Мемлекет басшысының бастамасы бойынша біз посткеңестік кезеңде алғашқы болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдадық. Соған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды жетілдіру, мемлекеттік басқару функцияларын нақтылау және оңтайландыру, мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру, қаржылық-экономикалық салада сыбайлас жемқорлықты болдырмау, мемлекеттік тексеріс жүйесін оңтайландыру және оның айқындылығын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнеске заңсыз араласудан қорғау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылданады.
Ауқымды алдын-алу және ескерту жұмыстары да атқарылуда. Мәселені «Электронды үкімет» бағдарламасын енгізу арқылы халыққа әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет көрсетулер ұсынылды, халықтың рұқсат беру құжаттарын электронды немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуына кедергілер жойылды.
Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық санатына жатқызылатын қылмыстардың нақты тізбесі анықталып, оны жасаған адамға қатаң қылмыстық жауапкершілік белгіленеді. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында қазіргі уақытта Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес деңгейі бойынша көшбасшылар қатарында десек артық айтқандық емес.
Демек, біз Мемлекет басшының Жолдауы аясында алға қойылған міндеттерді тиісті деңгейде атқара алатын мамандарды даярлау үшін көп жұмыс атқаруымыз қажет.
– Қаржы полициясы академиясының алдына қандай міндеттер қойылып отыр. Тыңдаушылар қандай мамандықтар бойынша оқытылады, қазіргі күні Академияны қанша маман бітіріп шықты?
– Академия оқу және тәрбие ісін Мемлекет басшысының қаржы полициясы органдарының алдына қойған міндеттеріне сәйкес қалыптастырады.
Қаржы полициясы мен кеден органдарының кадрлық құрамын жеткілікті теориялық және практикалық дағдыларды игерген қызметкерлермен толықтыру Академияның негізгі міндеті болып табылады.
Күндізгі оқыту нысаны бойынша бакалавриат, магистратура және PhD докторантура шеңберінде «Заңтану», «Құқық қорғау қызметі» және «Кеден ісі» мамандықтары бойынша даярлық жүзеге асырылады. Жыл сайын Академияға 120 тыңдаушы қабылданады. Оның ішінде 80-қаржы полициясы органдары үшін, 40-кеден органдары үшін.
Академия азаматтық емес жоғары оқу орындарының ішінде алғашқы болып кредиттік оқу жүйесін енгізді. Күндізгі оқыту бөлімінің тыңдаушылары бакалавриаттың үш мамандығы – заңтану, құқық қорғау қызметі және кеден ісі мамандықтары бойынша білім алады. Жоғары оқу орнында 12 жылдың ішінде 1754 жоғары білікті маман даярланды, оның ішінде күндізгі оқыту нысаны бойынша – 1030 тыңдаушы, сырттай оқыту бойынша 724 тыңдаушы даярланды, олардың ішіндегі 1105 түлек қаржы полициясы органдарына жіберілді, ол қаржы полициясы органдары жеке құрамының үштен бір бөлігін құрайды, кеден және басқа мемлекеттік органдарына 639 түлек жіберілді.
– Жоғары білікті мамандар даярлауда ғылыми-зерттеу жұмысы қандай рөл атқарады?
– Қазіргі уақытта базалық педагогикалық білім беру стандарттарын, мектептер мен жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша қойылатын талаптарды күшейту арқылы педагогикалық құрамның сапасын арттыру, педагогикалық қызметте ақпараттық технологиялар қолдану өте маңызды.
Академия басшылығының студенттік ғылымға және шығармашылыққа зейін қойып қарауы әртүрлі ғылыми-практикалық конференцияларға тыңдаушылардың қатысуының сандық және сапалық деңгейін арттыруда.
Профессорлық-оқытушылық құрам мен тыңдаушылардың «Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қаржы полициясы мен кеден қызметі органдарының рөлі» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы Академияның ғылыми-зерттеу жұмысында маңызды бағыт болып табылады. Сондай-ақ, профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми әлеуеті тұрақты түрде жетілдіріліп отырады. Бұл жерде бірнеше ғылым докторлары мен кандидаттар жұмыс істейді.
Ғылыми-зерттеу қызметінің практикалық бағыты қаржы полициясы органдары үшін әртүрлі ұсыныстар даярлаумен көрініс табады: Академия бөлімшелерді бұрын қозғалмаған қылмыстық істер бойынша экономикалық қылмыстарды анықтау, ашу және ашу мүмкіндігін беретін әдістемелік ұсыныстармен қамтамасыз етеді. Бұл жерде мемлекетке елеулі залал келтіретін күрделі, қиын анықталатын экономикалық қылмыстарды ашу және тергеу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленеді. Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы алпыстан астам әдістемелік ұсыныстар әзірледі, олар аумақтық органдарға жіберілді.
– Тыңдаушыларды адамгершілік және дене шынықтыру жағынан тәрбиелеу үшін қандай іс-шаралар өткізіледі?
– Мемлекет басшысы Жолдауында барлық оқу орындарындағы жастар патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынсұнушылық сияқты құндылықтарды сіңіруі тиіс деп атап өтті.
Бұл бағытта бірқатар шаралар кешені өткізілуде. Қаржы полициясы академиясының тыңдаушылары үшін «Қаржы полициясы органдары қызметкерлері тәртібі мәдениетінің негіздері» атты оқу құралы және бірінші курс тыңдаушыларының бейімделуі бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді.
Академия тыңдаушылары мәдени іс-шараларға белсенді қатысады, драма және би үйірмелерінің, хордың, жұмысы ұйымдастырылған.
Академияның мәжіліс залында кәсіби кинотеатр орналастырылған, оның көмегімен тыңдаушылардың патриоттық және кәсіби тәрбиеленуіне бағытталған көркем фильмдер көрсетіледі.
Сондай-ақ, Академияда қоян-қолтық күрес, атлетикалық гимнастика, футбол, баскетбол, волейбол, шаңғы спорты және Қысқы Президенттік көп сатылы жарыс, жеңіл атлетика және жазғы Президенттік көп сатылы жарыс, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат секілді спорт секциялары жұмыс істейді.
– Тыңдаушыларды жатақханамен қамтамасыз ету және Академияның техникалық базасын нығайту бойынша қандай шаралар қабылдануда?
– Академияның техникалық базасын нығайту және тыңдаушылардың жағдайын жақсарту бойынша елеулі жұмыстар жүргізілуде. Бірқатар ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, курсант қыздардың тұрғын үй корпусына, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің ғимаратына, оқу және шаруашылық корпустар күрделі жөндеуден өтті.
Оқу бағдарламаларын іске асыру үшін Академия оқу-криминалистикалық және оқу-кедендік полигондарды пайдаланады.
– Қаржы полициясы академиясына оқуға түсуді қалайтын қабілетті жастардың көп екені белгілі. Оларға көмек ретінде қаржы полициясына оқуға түсу ережесі туралы да айтсаңыз.
– Әрине, баршаға бірдей мұндай ереже бар. Мысалы, күндізгі оқу бөліміне жасы он алтыға толған, орта білімі бар, қаржы полициясы мен кеден қызметі органдарының талаптарына жауап беретін денсаулық жағдайы бойынша қызметке және оқуға жарамды адамдар қабылданады.
Академия тыңдаушыларының жалпы контингентін қалыптастыру кадрларды даярлаудың аумақтық қағидатын есепке ала отырып мемлекеттік тапсырысқа сәйкес жүзеге асырылады. Оқуға кандидаттарды іріктеуді аумақтық қаржы полициясы және кеден қызметі органдары жүргізеді. Кандидаттардың Академияға түсуі олардың арнайы міндетті тексеріс, сондай-ақ ІІМ әскери-дәрігерлік комиссиясынан оқуға және қызметке жарамдығын анықтау үшін медициналық куәландыру өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Оқуға түсетін кандидаттың жеке ісі Академияның қабылдау комиссиясына жіберіледі. Жеке іске міндетті түрде жеке куәлігінің және білім беру туралы құжатының көшірмелері тіркеледі.
– Сыбайлас жемқорлықты қалай сипаттайсыз, сіздің пікіріңізше, онымен күресу үшін не жетіспейді? Қандай шаралар қабылдау қажет?
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қолданыстағы құқықтық жүйесі халықаралық заңнама талаптары мен нормаларынан кейін қалып келеді, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан бағдарламалардың тиімділігін төмендету қаупін туғызады және қосымша нормаларды қабылдау бойынша жұмыс жүргізуді талап етеді. Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлігінде одан әрі жетілдіру қажет.
Сыбайлас жемқорлық бағыттарына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін заңнамадағы кемшіліктерді анықтау бойынша тұрақты түрде талдау жасау қажет екенін атап өтемін. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ұлттық заңнаманың халықаралық стандарттарға толық сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
Осыған байланысты, табысты іске асырудың басты факторларын айқындау қажет, оларға көлеңкелі экономиканың жоғары дәрежесін жатқызуға болады. Бүгінгі күні мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шараларға қарамастан, сыбайлас жемқорлық жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын көлеңкелі экономика үлесі бұрынғыдай жоғары болып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстар бойынша айыппұл мөлшерін өсіру қажет, өйткені әлсіз жазалау шаралары жемқорларды белсенді және ауқымды әрекеттерге итереді, өйткені қылмыстық жолмен алынған және олардың иелігінде қалатын мүліктің бағасы айыппұл мөлшерінен көп. Бұл жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерін қатаңдату оның деңгейін төмендетуге тиімді құрал болып табылмайды, сондықтан сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін жазалау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық салаларындағы кешенді шараларымен өткізілуі қажет.
– Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте шетел тәжірибесі тыңдаушыларға дәріс өткізу барысында қолданыла ма?
– Академияның қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелерімен ынтымақтастықты дамыту басым бағыт және бұл трансұлттық қылмыстылыққа бірлесіп қарсы тұру болып табылады, экономика саласында криминогендік жағдайлар мен сыбайлас жемқорлықты зерттеу бойынша бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігін туғызады.
Бұл бағытта осыған ұқсас алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу, оның ішінде тыңдаушылармен Агенттікпен тергеліп жатқан істердің барысын зерттеу көмектеседі. Бұл жерде ТМД және шетел жоғары оқу орындарымен байланыс орнату кеңінен таралған. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмен елдердегі мемлекеттік қызметшілердің қызмет сапасы мен мерзіміне қатаң бақылау жүргізіледі.
Осы орайда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу бойынша ғылыми және әлеуметтік зерттеулердің ерекше маңыздылығына тоқталу қажет. Сонымен бірге, мұндай зерттеулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің уәкілетті органдарымен бірге жүргізіледі. Қазақстанда сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша әлеуметтік сұраулар мен зерттеулерді уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша тәуелсіз институттар жүргізеді. Бірақ бұл зерттеулер бірыңғай үйлестіруші органмен қорытындыланбайды, ал жұмыс тұжырымдамалары сыбайлас жемқорлық саясатын түзетуге пайдаланылмайды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен 2007 жылєы 25 мамырда Қаржы полициясы академиясына ТМД-ға қатысушы елдердің салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі базалық ұйым мәртебесі берілді.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ.