Отырыс барысында банк жүйесі және экономиканың маңызды секторларының бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтірудің өзекті мәселелері талқыланды.
Сарапшылар алдын ала ағымдағы жағдайға талдау жасап, аталған бағыттар бойынша бірқатар ұсыныстар берген. Премьер-министр тиісті мемлекеттік органдарға сарапшылармен бірлесіп алға қойылған мәселелерді тереңінен зерттеп, келесі отырыста соған байланысты өз ұсыныстарын беру туралы тапсырма берді.
Еске сала кетейік, Экономика жөніндегі сарапшылық кеңесі ҚР Премьер-министрінің өкімімен құрылған және оның алғашқы отырысы 2016 жылғы 9 желтоқсанда өткізілді.