Саясат • 03 Сәуір, 2019

2019 жылғы қаңтар–наурызда Қазақстан 7,7 мың тонна ет экспорттады — АШМ

495 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева 2018 жылғы ауыл шаруашылығы экспортының қорытындылары туралы мәлім етті.

2019 жылғы қаңтар–наурызда Қазақстан 7,7 мың тонна ет экспорттады — АШМ

Жалпы, Қазақстан $3,2 млрд сомасына АӨК өнімдерін экспорттаған, бұл 2018 жылға арналған АӨК мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторынан 23%-ға артық және 2017 жылғы көрсеткіштен 26%-ға жоғары.

АӨК өнімдерінің экспорты бойынша мемлекеттік бағдарламаның жоспарлы көрсеткіштері Атырау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Нұр-Сұлтан қаласының экспорты көлемі есебінен асыра орындалды.

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты

Өңделген өнім экспортының үлесі 37% ($1,1 млрд) құрады.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің жобалық кеңсесі аясында мұндай жұмыс алғаш рет өткізілді және біз алғаш рет АӨК өнімдері экспортының қорытындысын толыққанды талқылап отырмыз, әрбір позиция бойынша әр өңірдің үлесін де білеміз, қандай өңір қай елге қандай өнімді экспорттайтынын да дәл айта аламыз. Мен бұл өте маңызды деп санаймын, себебі бұл жергілікті атқарушы органдар үшін жалпы АӨК өнімдерінің экспортын арттыру мәселелерінде де, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттыруда да өз жұмыстарын жандандыруда бағдар болады және осылайша олар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы өңделген өнім экспортын арттыру бойынша қойған міндетті орындай алады», — деді Г. Исаева. 

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты бойынша көш басында (ақшалық мәнінде) Қостанай, Түркістан облыстары және Шымкент пен Алматы қалалары тұр.

«Бұл үш облыстың үлесі өңделген өнім экспорты көлемінен 64% құрады. Әрине, басқа облыстарға да өңделген өнім экспортында өз үлестері мен нақты мәнінде де, ақшалай мәнінде де нақты сандарды ұлғайту үшін өңдеу саласын белсене дамыту қажет», — деді вице-министр. 

Ет экспорты

Вице-министр Г. Исаева ет экспортына жеке тоқталды. Мәселен, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемнің 11 еліне 33 мың тонна ет экспорттады.

Сиыр еті экспортының көлемі берілген ветеринарлық сертификаттар негізінде 19,95 мың тоннаны құрады (салыстыру үшін 2017 жылы – 5,5 мың тонна). Сиыр еті экспорты бойынша көшбасшы өңірлер — Түркістан (5000 т), Ақтөбе және Алматы облысы (4000 тоннадан). Сиыр етін негізгі экспорттаушылар — 20 қазақстандық кәсіпорын. Экспорттаушы кәсіпорындардың өңірдегі ұсақ және орташа фермерлік шаруашылықтармен бірге зәкірлі кооперацияда жұмыс істеуі маңызды. Етті мал шаруашылығына барлығы 19 мыңнан аса фермерлік шаруашылық тартылған.

Сонымен қатар , Г. Исаева АӨК саласындағы қазақстандық кәсіпорындардың шет елдердің тізіліміне енуі туралы айтып берді.

ДСҰ халықаралық сауда, импорттаушы елдер ережелеріне сәйкес, мал шаруашылығы өнімдері мен азығының экспортын ветеринарлық қызмет кепілдігі мен инспекциясы қорытындысы бойынша Тізілімге енген кәсіпорындар ғана жүргізе алады.

Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша үшінші елдер мен ЕАЭО тізілімінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша қазақстандық 2018 кәсіпорын енгізілген. Сонымен қатар жекелеген елдер (мысалы ҚХР) өсімдік шаруашылығы өнімдерінің импортында экспорттаушы елдің карантиндік қызметінің кепілдігін немесе инспекция жүргізуді талап етеді.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорты

2019 жылдың 3 айындағы жұмыс қорытындыларын шығара отырып, Г. Исаева 7,7 мың тонна ет, 3,4 млн тонна өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортталғанын хабарлады.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіретін және өңдейтін 539 қазақстандық кәсіпорын ҚХР мен ЕАЭО тізіліміне енген.