«Айтулы шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында өткізіліп отыр. Дәстүрге айналған бұл сайыстың негізгі мақсаты – кәсіби мамандықтардың қаншалықты маңызды екенін ұғындыру. Жастарымызды үлкен өмірге баулу. Биыл аталмыш шараны неке сарайында өткізуіміздің өзіндік себебі де жоқ емес. Бұл киелі шаңырақта отбасы құрылады. Ал, бақытты отбасы – мемлекетіміздің негізі», - дейді Алматы Сән және дизайн колледжінің директоры Надежда Яковлева.
Қатысушылар өз қолдарынан өрілген түрлі бұйымдарды жұрт назарына ұсынып, ұлттық дәстүріміз бен әдеп-ғұрпымыздан сыр шертетін әдеби шығармаларды жарыса оқыды.
Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ