Саясат • 03 Сәуір, 2019

Сот жүйесіндегі өзекті мәселеге қатысты дөңгелек үстел өтті

829 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында соттың төрағасы мен судьялардың, Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институты директорының жалпы мәселе бойынша орынбасары Азамат Ермековтің, ҚР Сот сарапшыларының аумақтық палатасының басшысы Тахир Халимназаровтың және басқа да сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Сот жүйесіндегі өзекті мәселеге қатысты дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Алматы қалалық сотының сот сараптамаларының жекелеген түрлерін бәсекелестік ортаға кезең-кезеңімен беру мәселелері бойынша аудандық соттарда талқылауларды өткізу туралы ұсынысына сәйкес сот-сараптамалық қызметті ұйымдастыру қағидаларын құқықтық негіздерін нығайтуға, қолданыстағы нормаларды жетілдіру мақсатында шара сот мамандары Айжан Дүмшебай, Назерке Омаровамен ұйымдастырылған.

Шараның модераторы ретінде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мартпек Кәкімжанов өз сөзінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы соттардағы құрылыс, тауартану және экономикалық бастапқы сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізу бойынша пилоттық жоба бойынша мәселелердің өзектілігін атап өтті.  2018 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және Қазақстан Республикасы Әділет минимтрлігінің бірлескен бұйрығын еске салып, сарапшыларды мәртебесіне, лицензияның және мамандарды қатыстыру негізінде сот-сарапшы қызметімен айналысатын сарапшылардың сараптамалардың жекелеген түрлерін жүргізу және тағайындау мүмкіндіктерін назарға алған.

Шара аясында Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институты директорының жалпы мәселе бойынша орынбасары  Азамат Ермеков, ҚР Сот сарапшыларының аумақтық палатасының басшысы Тахир Халимназаров, бас сарапшы Игорь Миллер, сот-медициналық сарапшы Ардақ Алишев сөз сөйледі.

Талқылаудың нәтижесінде қатысушылар тарапынан осы мәселелер бойынша ұсыныстар тыңдалды.


АЛМАТЫ