Аймақтар • 04 Сәуір, 2019

«Батыс» ӨК әскери қызметшілері Арменияда өтетін конкурста топ жаруға дайындалуда

659 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Армения Республикасының аумағында өтетін «Әлем жауынгері» әскери қызметшілердің әскери-кәсіби шеберлік деңгейін анықтайтын халықаралық конкурсқа белсенді дайындық жүргізуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Батыс» ӨК әскери қызметшілері Арменияда өтетін конкурста топ жаруға дайындалуда

Іріктеу жарыстары барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің арасынан ең үздік, шебер мамандар таңдалып алынды. Олардың құрамынан 4 әскери қызметші кірген құрама команда жасақталды. Оның ішінде біреуі әйел, үшеуі ер азамат.

Конкурсттың шарттарына сәйкес, «Әлем жауынгері» конкурсы келесідей кезеңдерден тұрады, олар: «Атлет» әскери-спорттық кезеңі, «Шебер» әскери шеберлік кезеңі, «Мерген» атыс даярлығы кезеңі, «Кавалер/ханым» әдеби-шығармашылық, би конкурсы және «Эрудит» әскери тарихты меңгеру деңгейін анықтау кезеңі.

-Биыл біздер өте мықты, білікті және шебер сержанттарды іріктеп алдық. Халықаралық армиялық ойындарға қатысу мүмкіндігі оларға зор жігер беріп, ынталандырады. Алайда үздіктер қатарынан көріну үшін, көп тер төгіп, дайындалу қажет, дейді Теңіз жаяу әскері бригадасының сержанты 1 сыныпты сержант Бикен Менжасаров.

Құрама команда ақпан айынан наурыз айының айығына дейін даярлық жүргізіп, осы күндері Қарулы Күштердің соңғы іріктеу кезеңіне жол тартты.

Биыл, «Әлем жауынгері» әскери-шеберліктің халықаралық конкурсы тамыз айынын басында Армения Республикасында өтетін болады. Өткен жылы, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы аталмыш конкурста 6 елдің арасында жеңімпаз атанып, елге абыроймен оралған болатын.