Экономика • 04 Сәуір, 2019

«Байсерке-Агро» тәжірибесінде - Ғылым. Өндіріс. Бизнес мазмұнында халықаралық конференция өз жұмысын бастады

921 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Ж.Жиенбаев атындағы институтта «Ғылым. Өндіріс. Бизнес: «Байсерке-Агро» Агрохолдингі тәжірибесінде аграрлық саланың инновациялық даму жолдары және қазіргі жағдайы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

«Байсерке-Агро» тәжірибесінде - Ғылым. Өндіріс. Бизнес мазмұнында халықаралық конференция өз жұмысын бастады

Қазақ Ұлттық ауыл шаруашылығы университетімен бірлесіп құрылған «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік оқыту орталығы тәжірибесінде еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуына қатысты алғышарттар қалыптасқан деуге негіз басым.

«Байсерке-Агро» өндірістік шаруашылығы егін шаруашылығымен, мал шаруашылығымен, ет және сүт өңдеумен айналысады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру барысында отандық ғалымдар әзірлеген инновациялық технологиялар белсенді түрде қолданылады. Шаруашылық құрамына екі ветеринарлық патология-анатомиялық зертханасы, жем-шөпті зоотехникалық талдаудан өткізетін зертханасы және агрохимия зертханасы бар ғылыми-өндірістік оқыту орталығы кіреді.

Конференцияда республиканың аграрлық секторының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында отандық және шетелдік  ғалымдар, еліміздің аграрлық кешен мамандары қатысуда.