08 Наурыз, 2012

Күдіктілерді құрықтаған қыз

279 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Күдіктілерді құрықтаған қыз

Бейсенбі, 8 наурыз 2012 8:37

Ақтөбе облысының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері, полиция капитаны Жанат Тайшекеновадан жұмысының қиындығы мен қызығы жайлы айтып беруін сұрағанбыз.

– Сіз неліктен ішкі істер органында қызмет еткіңіз келді?

 

Бейсенбі, 8 наурыз 2012 8:37

Ақтөбе облысының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері, полиция капитаны Жанат Тайшекеновадан жұмысының қиындығы мен қызығы жайлы айтып беруін сұрағанбыз.

– Сіз неліктен ішкі істер органында қызмет еткіңіз келді?

– Маған қым-қуыт тіршілікке толы тәртіп сақ­шысының қызметі ұнайды. Әрі өз отаныма, еліме, жұртыма көмегім тисін деген ниетпен қолымнан келгенінше ішкі істер саласында еңбек етудемін.

 – Осы салада жүрген соң қыл­мыс­кер­лермен бетпе-бет келген сәттер болған шығар?

– Біз, яғни қыз­дар, көбіне қылмыскерлер құ­рық­­тал­ғаннан кейін, егер күдікті әйел болған жағдайда тексеру жұмыстарын жасауға барамыз. Бірақ 2006 жылы бір қызық жайт орын алды. Бірде кешқұрым жұмыстан кеш шығып, үйге келе жат­қанмын. Кенеттен ту сыртымнан біреудің келе жат­қан дыбысы естілді. Мен қорғану үшін сөм­кемнен ұялы телефонымды алып, қоңырау шал­мақ болғанмын. Сол сәтте басыма және арқама ауыр екі соққы тиді. Қолымдағы телефон жерге түскен кезде бір жігіт сөмкеме жабысып, екіншісі телефонымды алып қаша жөнелді. Мен есімді жиып, күдік­тілердің соңына түстім. Соңдарынан қалмай қуып жетіп, сөмкем мен телефонымды қайтаруды талап еттім. Тіпті бір жігітпен жаға­ласып жүріп, самбо күресінің әдісімен оны жерге құлатып, қолындағы ұялы телефонымнан 112 нөмеріне хабарласып, полиция шақырдым. Ал екінші жігіт қашып кетті. Бірер минуттан кейін патрульдік полиция қыз­меткерлері келіп, күдік­тіні бөлімге алып кетті. Кейін екінші жігіт те қол­ға түсті. Мен ерте­ңіне жұмысқа келсем, әріптес­терім менің түндегі іс-әрекетімді әңгіме етіп күліп жүр. Ме­нің­ше, кез келген тәртіп сақ­шысы осылай жасар еді деп ойлаймын.

– Күдіктіні тырп еткізбегеніңізге қарағанда спорттан хабарыңыз бар сияқты?

– Мектепте жүргенде волейбол, баскетбол, каратэ, самбо күресімен әуестенгенім рас. Сол әдіс-тәсілдер қазір маған пайдасын тигізіп жатыр. Әрі ішкі істер саласында жүрген соң спорттан да алшақ болу мүмкін емес.

– Есірткіге қарсы күрес басқармасында қыз­мет еткендіктен күдіктілерді тексеру ке­зінде қызық жайттар болып тұратын шығар?

– Бірде біздің басқармаға келіп түскен жедел ақ­парат бойынша 20 жастағы қызды тексердік. Күдікті қыз бала болғандықтан жедел уәкілдер менің жұмыс жасауыма ниетті болды. Бірақ ізде­ген есірткі заттары табылмады. Алайда қыздың аяқ киіміне қарай беретінін аңғардым. Аяқ киімін тексеру барысында ұлтарағының астынан 2 грамм героин тәркіленді. Облыс орта­лығындағы Тұрғын­дар қалашығында 50 жастан асқан әйелдің қыл­мысын әшкерелеуге қатыстым. Әлгі әккі әйел есірткі сатуға өзінің кәмелетке толмаған қызын жұмсайтын болыпты. Алдын ала тергеу барысында күдікті әйелдің өзі де есірткі қолданатыны анықталды. 50 жастағы әйелдің есірткі сататын­дығын дәлелдеп, істі сотқа жолдаған уақытта на­ша­қор азаматша аурудан қайтыс болды. Медици­налық сараптама нәтижесі әйелдің есірткіні шамадан тыс көп мөлшерде қолдану салдарынан көз жұмғандығын дәлелдеді.

Мәди ҚУАНЫШҰЛЫ.

Ақтөбе облысы.